«Online Mektep» жобасы ЮНЕСКО аясындаүздік деп танылды!
«Online Mektep» жобасы үздік жоба ретінде танылып, «Халықаралық цифрлық білім беру тәжірибесі» жинағына енгізілді.
2024 жылдың 29-31 қаңтары аралығында Шанхай (Қытай) қаласында «Цифрлық білім: қолдану, бірге пайдалану және инновация» тақырыбында дүниежүзілік конференция болып өтті. Қытай Халық республикасының Білім министрлігі, Қытайдағы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия және Шанхай Халық Үкіметінің ұйымдастыруымен өткен конференцияда ЮНЕСКО-ның Wenhui Award марапатының иегерлері аталып таныстырылды. Комиссия мүшелерінің шешімімен Назарбаев Зияткерлік мектептері Дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары» орталығы мен «Bilim Media Group» компаниясы құрастырған «Online Mektep» жобасы «Дағдарысқа қарсы төзімділікті нығайтуға арналған цифрлық оқытудың инклюзив жүйелерін жасау» санатындағы әлемнің 8 үздік жобасының бірі болып белгіленді.
1-3 ақпанда Digital Almaty халықаралық цифрлық форумы өтті, ол өзекті цифрлық тақырыптар, цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен цифрлық технологиялар саласындағы үрдістерді талқылауға арналған дәстүрлі сұхбат алаңы болып табылады. Digital Almaty сияқты беделді іс-шараға қатысу арқылы NIS LAB жобамыздың атын танымал етуге, ықтимал пайдаланушылар мен инвесторлардың назарын тартуға, сондай-ақ цифрлық нарықта NIS брендінің позициясын нығайтуға болады.
DIGITAL ALMATY ӘРҚАШАНДА:
– Жетекші сарапшылар ең соңғы кейстерін ұсынатын іскерлік бағдарлама;
– Инновация, технологиялар, өнеркәсіп пен өндіріс саласындағы үздік компаниялардың үлкен көрмесі;
– Робототехникадан чемпионаттан бастап Қазақстандағы ең ірі стартап-баттлдарды қамтитын түрлі мәдени-ойын-сауық бағдарламасы;
Digital Almaty 2024 халықаралық форумында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин басқа елдер тарапынан Қазақстандық цифрлық шешімдерге деген қызығушылықтардың бар екенін атап өтті, оған дәлел – форумға 70-тен астам шетелдік сарапшылардың, оның ішінде өзге мемлекеттердің цифрландыру министрлерінің қатысуы.
Сонымен қатар, көрме 230 IT компаниясының (оның ішінде NIS LAB-ты қоса алғанда) жобаларын ұсыну арқылы өзіне назар тартты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы «NIS LAB» және «NIS Online» өнімдерін таныстыру үшін брендтік стендті пайдаланды, бұл орта мектептер мен шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырды.
Осы форумда қол жеткізілген нәтижелер мен келісімдер болашақта жетістіктеріміз бен серіктестіктерімізге оң әсер ететініне сенімдіміз.
2023 жылдың 2-4 тамызы аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының (бұдан әрі – Орталық) мамандары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS-Programme білім беру бағдарламасы аясында жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша жазғы оқыту тренингтерін өткізді.
Аталған тренингтер Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Оқыту тренингтерінде республикадағы Зияткерлік мектептердің барлық пәндері бойынша 220 әдістемелік бірлестік жетекшілері бас қосты. Тренинг мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларын іске асыру, білім беру және тәрбие ісін тұтас жүзеге асыру, оқушылар бойына құндылықтарды дарыту, қазіргі кездегі негізгі құзыреттерді қалыптастыру мәселелеріне бағытталып, әдістемелік ұсыныстар берілді. Сонымен қатар жобалау және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдістері, STEM оқытудың ерекшеліктері, коммуникативтік тәсіл, проблемалық оқыту, оқушылардың оқу, математикалық, жаратылыстану, цифрлық және медиасауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылды.
Тренингтің соңғы күні әдістемелік бірлестік жетекшілері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозинмен және Орталық директоры Жанар Абдильдинамен кездесіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Жаңартылған оқу бағдарламалары 2023-2024 оқу жылында 7-сыныптан бастап ендірілетін болады.

Өскелең ұрпақтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі дамушы әлемде маңызды рөл атқарады және де қазіргі қоғамның дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Білім беру бағдарламалары орталығы 7-10-сынып оқушыларына арналған «Әл-ауқат және қауіпсіздік» элективті курсын әзірледі. Бұл курс қоршаған әлемде және әлеуметтік ортада қауіпсіз өмір сүруді қамтамасыз ететін білім мен дағдыларды игеруге, қауіпсіз және жайлы өмір сүру ортасын құруға, салауатты және қауіпсіз өмір салтын, эмоциялық және психикалық тұрақтылық құндылықтарын қалыптастыруға, жеке және ұжымдық қауіпсіз әрекет ету ережелерін игеруге бағытталған.
Курстың мақсаты – оқушылардың бойындағы тұлғалық құзыреттіліктерді дамыту, мәселелерді еңсеру және бейімделу дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемде қауіпсіз мінез-құлық туралы білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіру. Оқушылар дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік және гигиенаны сақтау; темекі, алкоголь және есірткінің зияны; өз эмоциялық хал-ахуалын сақтау және басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнату туралы білімдерін толықтырады. Бұл курс оқушыларға өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайлардың алдын алу үшін саналы мінез-құлық дағдыларын дамытуға, айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін дамытуға, әлеуметтік және эмоциялық интеллект дағдыларын арттыруға көмектеседі. Бағдарламада қарым-қатынас жасау қағидалары, өзгелерді тыңдау және өз ойлары мен эмоцияларын білдіру әдебі қарастырылады. Бұл оқушыларға басқа адамдармен салауатты, оңтайлы қарым-қатынас орнатуға және жанжалдарды тиімді шешуге көмектеседі. «Әл-ауқат және қауіпсіздік» курсының материалы оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі бағалауын дамытуға ықпал етеді. Курс мазмұнында оқушыларға теориялық білімін іс жүзінде көрсету үшін практикалық мысалдар мен шынайы өмірден алынған жағдайлар ұсынылады. Бұл оларға аталған мәселеге байланысты шынайы өмірден алынған жағдайларды жақсы түсінуге және бағалауға көмектеседі.
Әр сыныпқа арналған элективті курс бағдарламасы 34 сағатты құрайды.
Курс төрт бөлімнен тұрады:
Денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты
Психикалық саулық пен көңіл хошы
Әлеуметтік ортадағы жайлылық
Жеке бастың қауіпсіздігі
Бағдарламада қамтылған тақырыптар шиыршықты оқу моделіне негізделген, яғни сыныптан-сыныпқа өткен сайын оқушылардың білімі мен дағдылары жетілдіріле түседі.
12-13 қазан аралығында Астана қаласында технологиялар әлемінің маңызды іс-шарасы — Digital Bridge 2023 Халықаралық IT форумы өтті. Аталған шара Қазақстан және шетел көрнекті спикерлерінің, технологиялық компаниялар басшыларының және саясат әлемінің негізгі тұлғаларының басын біріктірді.
Форумның ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен басталды. Мемлекет басшысы өз сөзінде жасанды интеллекттің даму тенденциялары мен оның жаһандық экономикаға әсері туралы өз көзқарасымен бөлісті.
Брендтік стенд «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалына форумға келушілерге өздерінің «NIS LAB» және «NIS Online» өнімдерін таныстыруға, сондай-ақ осы саладағы даму келешектері туралы айтуға мүмкіндік берді. «NIS LAB» өніміне орта білім беретін мектептер мен шетелдік инвесторлар қызығушылық танытқанын атап өту керек.
Осы форум аясында жасалған уағдаластықтар біздің болашақ жетістіктеріміз бен келісімдерімізге оң әсер ететініне сенімдіміз.