«OnlineMektep»

 

2020 жылы Орталық онлайн-оқыту саласындағы инновациялық компания Bilim Media Group-пен бірлесіп Online mektep цифрлық білім беру платформасын әзірлеп, іске қосты (www.bilimland.kz).

Негізгі мақсат – жалпы білім беретін мектеп оқушыларын онлайн режимде бейімдеп оқыту мүмкіндігін беру.

Online Mektep елдің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін үлгілік оқу жоспарларына сәйкес 1-11 сыныптарға арналған барлық пәндерден цифрлық білім беру контентін қамтиды.

Сабақ мазмұны, жаттығулар мен тапсырмалар кешені Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетекші мұғалімдерімен әзірленіп, Орталықтың пән мамандарының модерациясынан өтеді. Жобаға 500-ден астам әзірлеуші мұғалімдер, оның ішінде НЗМ және еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері тартылды. 1-11 сыныптардың 1-4 тоқсанына әзірленген сабақтардың жалпы саны 24 074 құрады.

Платформаның негізгі идеясы — әр сабаққа конспект, сызба, зияткерлік карта түрінде теориялық материалдар әзірлеу, ал сабақтың практикалық бөлігі деңгейлік тапсырмалар түрінде беріледі, бұл тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті дағдыларды жүйелі және бірізді түрде дамытуға мүмкіндік береді.

Сайт сабақ мазмұнын ұйымдастырудың деңгейлік жүйесін ұсынады. Сабақтарды әзірлеген кезде тапсырмаларға негізделген оқыту қағидаты негізге алынды (task-based learning). Оқушы белгілі бір деңгейлік тапсырманы орындай отырып, белсенді танымдық үдеріске елігіп кетеді. Әрбір тапсырмаға қысқаша теориялық материал түріндегі «Білу маңызды» және «Түсіндірме» айдарлары беріледі, олар оқушыға сабақ тақырыбына қатысты білімдерін бекітуге және тапсырмаларды саналы түрде орындауға көмектеседі.

Оқушылардың материалды игеру деңгейі мен оқу қарқыны әртүрлі болатыны ескеріліп, оқушыға платформадағы материалдарды жеке оқуға мүмкіндік беріледі. Бұл өз кезегінде өткен материалды сапалы түрде бекітуге, сондай-ақ жеке оқу кестесін құруға мүмкіндік береді.

Онлайн платформа еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылды. Қазіргі уақытта Online Mektep-ке қосылған мектептер саны – 3 910, белсенді оқушылар саны – 238 754, күн сайын 2 875 697 белсенді пайдаланушы, 1 қыркүйектен бастап сайт барлығы 51 779 298 рет қаралды