Digital Almaty 2024 халықаралық цифрлық форумы
1-3 ақпанда Digital Almaty халықаралық цифрлық форумы өтті, ол өзекті цифрлық тақырыптар, цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен цифрлық технологиялар саласындағы үрдістерді талқылауға арналған дәстүрлі сұхбат алаңы болып табылады. Digital Almaty сияқты беделді іс-шараға қатысу арқылы NIS LAB жобамыздың атын танымал етуге, ықтимал пайдаланушылар мен инвесторлардың назарын тартуға, сондай-ақ цифрлық нарықта NIS брендінің позициясын нығайтуға болады.
DIGITAL ALMATY ӘРҚАШАНДА:
– Жетекші сарапшылар ең соңғы кейстерін ұсынатын іскерлік бағдарлама;
– Инновация, технологиялар, өнеркәсіп пен өндіріс саласындағы үздік компаниялардың үлкен көрмесі;
– Робототехникадан чемпионаттан бастап Қазақстандағы ең ірі стартап-баттлдарды қамтитын түрлі мәдени-ойын-сауық бағдарламасы;
Digital Almaty 2024 халықаралық форумында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин басқа елдер тарапынан Қазақстандық цифрлық шешімдерге деген қызығушылықтардың бар екенін атап өтті, оған дәлел – форумға 70-тен астам шетелдік сарапшылардың, оның ішінде өзге мемлекеттердің цифрландыру министрлерінің қатысуы.
Сонымен қатар, көрме 230 IT компаниясының (оның ішінде NIS LAB-ты қоса алғанда) жобаларын ұсыну арқылы өзіне назар тартты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы «NIS LAB» және «NIS Online» өнімдерін таныстыру үшін брендтік стендті пайдаланды, бұл орта мектептер мен шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырды.
Осы форумда қол жеткізілген нәтижелер мен келісімдер болашақта жетістіктеріміз бен серіктестіктерімізге оң әсер ететініне сенімдіміз.