«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату туралы

Зияткерлік мектептердің тәжірибесін Қазақстанның орта білім беру жүйесіне тарату Орталық қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ол ҚР орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу ерекшеліктерін түсіндіру, «Жүйелі-әдістемелік кешен» (ЖӘК) онлайн-платформасының контентін әзірлеуді үйлестіру, ОӘК әзірлеу және оқыту үдерісінде заманауи технологиялар мен педагогикалық тәсілдерді қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеуді қамтиды.

 

  1. Жүйелі-әдістемелік кешен http://smk.edu.kz/

Жүйелі-әдістемелік кешен Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерін өзекті ғылыми-әдістемелік, білім беру ақпараттарымен және ресурстарымен қамтамасыз етуге арналған ауқымды онлайн-платформа болып табылады.

ЖӘК контенті ҚР орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу жағдайында қажетті құжаттар мен оқу-дидактикалық материалдарды қамтиды, олар: Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, ҮОЖ, оқу бағдарламалары мен жоспарлары, сабақ әзірлемелері, таныстырылымдар, тапсырмалар, аудио – және бейнематериалдар; критериалды бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсынымдар, оқу-әдістемелік кешендер, цифрлық  білім беру ресурстары және т. б.

2020 жылдың соңында ЖӘК-те әр пәннен 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін қазақ және орыс тілдерінде тегін пайдалануға болатын 183 945-тен астам материал бар. Порталда ЖСН арқылы тіркелуге болады.

1.2 Ағылшын тіліндегі медиатека https://smk.edu.kz/Course/TeachingEnglish/35

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдан бастап ЖӘК платформасында ағылшын тіліндегі оқу-дидактикалық ресурстар медиатекасы жұмыс істейді.

Медиатека сабақ жоспарлары, таныстырылымдар, кітаптар, оқулықтар, энциклопедиялар, анықтамалықтар, әдістемелік құралдар мен ұсынымдар, мақалалар, бейнематериалдар, виртуалды зертханалар, бағалау тапсырмаларының үлгілері, білім беру сайттарына сілтемелер, глоссарийлер және сөздіктерді қамтиды.

Бүгінгі күні медиатекада ағылшын тілінде 2000-нан астам материал бар. 

1.3 ЮНПФА-ның «Репродуктивті денсаулық мәселелерін кіріктіру» жобасы (2019)

 

2019 жылы Орталық БҰҰ-ның Халық саны қорымен (ЮНФПА) бірлесіп, балалардың репродуктивті денсаулығы мәселелерін оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру жобасына қатысты. 

Осы жоба аясында жыныстық және репродуктивті денсаулықты нығайтуға және сақтауға аса екпін қойылып, ЖӘК-тің 1401 сабақ материалы қайта қаралды. Репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері «Биология», «Химия», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Дене шынықтыру» пәндерінен дидактикалық материалдарға кіріктірілді. 

ЖӘК-те түпнұсқалық, тәжірибеге бағытталған оқу тапсырмаларын әзірлеуге арналған қосымша ақпарат көздерін қамтитын «Репродуктивті денсаулық» бөлімі бар.

2. «Ж. Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледж» МКҚК-да білім беру мазмұнын жаңғырту және білім беру үдерісін ұйымдастыру» жобасы (2018-2019)

2018 жылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру мақсатында Ж. Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжде республикадағы алғашқы жоба іске қосылды.

«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша эксперименттік білім беру және оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында Жоба Оталық қызметкерлері мен «НЗМ» ДББҰ-ның басқа да филиалдары қызметкерлерінің күш-жігерін біріктірді. Үздік отандық және шетелдік тәжірибелер негізінде әзірленген білім беру бағдарламасы мен оқу бағдарламалары ЭЫДҰ халықаралық сарапшысы, доктор Фил Ламберттің қатысуымен сыртқы сараптамадан өтті.

Жоба колледж оқытушыларына оқу бағдарламаларын енгізуге мониторинг жүргізу әдіснамасын оқытуды, деректерді жинау және талдау барысында консультациялық қолдау көрсетуді көздейді.

Колледж оқытушылары үшін ЖӘК-те (www.smk.edu.kz) оқу-әдістемелік материалдар мен ресурстарды қамтитын «Эксперименттік жоба алаңы» атты жеке бөлім құрылды.

3. «Түрікменстанның білім беру жүйесіне жәрдемдесу» жобасы (2018-2019)

«НЗМ» ДББҰ тәжірибесін тарату аясында 2018 жылы Еуропа Одағының «Түркіменстандағы білім беру жүйесіне жәрдемдесу» жобасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Орталық сарапшылары Түркіменстанның Ұлттық білім беру институты қызметкерлерін, мұғалімдерді, Түркіменстанның білім беру ұйымдары басшыларын кәсіби дамыту жұмысын ұйымдастырды. 

Түрікменстанның білім беру қызметкерлері мен педагог мамандарына «Орта білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері» тақырыбында екі семинар өткізілді.  

Бұл жобаның іске асырылуы ЕО делегациясының Қазақстандағы өкілдігі арқылы Еуропалық Одақта, Түркіменстан мен Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында, 2019 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның халықаралық конференциясында кеңінен жарияланды. 

4. «Ауыл мектебі» жобасы (2020-2021)

      Қазақстан Республикасының қалалық және ауылдық мектептері арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты азайту мақсатында Орталық 2020 жылдан бастап «НЗМ» ДББҰ бастамасымен ашылған «Ауыл мектебі» бірлескен жобасына қатысады. Жоба педагогикалық практиканы жақсартуға, материалдық-техникалық базаны жетілдіруге және цифрлық ресурстардың қол жетімді болуына бағытталған.

Орталықтың қызметкерлері ауыл мектептерінде 1-11 сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер үшін функционалдық сауаттылықты қалыптастыру ерекшеліктері, проблеманы шешуге бағытталған оқыту (Problem Based Learning), CLIL аспектілері, коммуникативтік дағдыларды дамыту жайында оқыту жүргізеді.

2020 жылы Орталық Қарағанды облысының (Жәутіков атындағы  №1 ОМ, Ермеков атындағы  №2 ЖОББМ, Қарқаралы қаласының Мәди Бапиұлы атындағы  №44 ОМ, Қарқаралы ауданы Көктас ауылының №4 ОМ); Ақмола облысы (Макинск қаласының мектеп-гимназиясы) мен Солтүстік Қазақстан облысының (Абай атындағы Қызылжар ОМ (Петерфельд)) мұғалімдерін оқытты.

2021 жылы Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының мұғалімдерін  оқыту жоспарланып отыр.