«Online Mektep» жобасы ЮНЕСКО аясында үздік деп танылды!

«Online Mektep» жобасы үздік жоба ретінде танылып, «Халықаралық цифрлық білім беру тәжірибесі» жинағына енгізілді.

2024 жылдың 29-31 қаңтары аралығында Шанхай (Қытай) қаласында «Цифрлық білім: қолдану, бірге пайдалану және инновация» тақырыбында дүниежүзілік конференция болып өтті. Қытай Халық республикасының Білім министрлігі, Қытайдағы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия және Шанхай Халық Үкіметінің ұйымдастыруымен өткен конференцияда ЮНЕСКО-ның Wenhui Award марапатының иегерлері аталып таныстырылды. Комиссия мүшелерінің шешімімен Назарбаев Зияткерлік мектептері Дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары» орталығы мен «Bilim Media Group» компаниясы құрастырған «Online Mektep» жобасы «Дағдарысқа қарсы төзімділікті нығайтуға арналған цифрлық оқытудың инклюзив жүйелерін жасау» санатындағы әлемнің 8 үздік жобасының бірі болып белгіленді.

https://wdec.smartedu.cn/en/

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!