Еліміздің орта білім беру мазмұнын жетілдіру аясында пән мамандары мен әдіскерлерді оқыту
2022 жылдың 10 маусымы күні Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жетілдіру аясында ҚР МЖМБС стандартын қайта қарау жобалық топтарының мүшелері болып табылатын пән мамандары мен әдіскерлерді оқыту аяқталды.
Білім беру мазмұнын циклмен жаңғырту бүкіл әлемде қолданылатыны мәлім. Дамыған елдерде бағдарламаларды қайта қарау кезеңділігі – жалпы алғанда 5 жылдан 10 жылға дейін. Сондықтан да Қазақстанда ағымдағы жылы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА орта білім беру бағдарламаларын қайта қараумен айналысатын жұмыс топтарын ұйымдастырды.
2022 жылдың 7 және 10 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен семинарға 300-ден астам адам қатысты. Оқытуды орта білім беру мазмұнын әзірлеу саласындағы халықаралық маман, ЭЫДҰ сарапшысы – доктор Фил Ламберт (Сидней қ., Аустралия), сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының сарапшылары өткізді.
Оқыту аясында білім беру бағдарламаларын жобалау құрылымы, қағидаттары, мақсаттары, міндеттері және оқу мақсаттарын құрастыру маңыздылығы қарастырылды, сондай-ақ шет елдердің білім беру бағдарламаларына салыстырмалы талдау жүргізілді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS-Programme білім беру бағдарламасының Зияткерлік мектептерде жүзеге асырылуын бақылау
Ағымдағы жылдың 28 наурызы мен 8 сәуірі аралығында «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының пән мамандары (бұдан әрі – пән мамандары) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS-Programme білім беру бағдарламасының Зияткерлік мектептерде жүзеге асырылуына мониторинг жүргізді.
Мониторинг 9 қалада негізгі және жоғары мектеп пәндері бойынша жүргізілді.
Мониторингтің мақсаты пандемия кезінде қашықтан және аралас оқыту форматында NIS-Programme бағдарламасының жүзеге асырылу процесін талдау болып табылады.
Мониторинг барысында деректер жинаудың әртүрлі әдістері қолданылды: сабақтарға қатысу, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары мен мұғалімдер дайындаған сабаққа арналған үлестірме материалдарды талдау, оқушылардың жұмысын талдау, балалар және мұғалімдермен фокус-топтар.
Сонымен қатар мониторинг пандемия кезінде Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен оқушыларында туындаған проблемалар мен қиындықтарды анықтауға бағытталған.
NIS-Programme бағдарламасына байланысты толық мәлімет алу үшін Орталықтың пән мамандары тек өз пәндеріне ғана емес, басқа да пәндердің сабақтарына қатысты.
Мониторинг қорытындысына сәйкес Зияткерлік мектептердің мұғалімдеріне NIS-Programme бағдарламасы бойынша оқытуда оқушыларға қолдау көрсету мақсатында әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар жазғы тренингтер кезінде оқыту жүзеге асырылады.
Оқушыларға стандартты емес және олимпиадалық математикалық есептерді шешуге қатысты онлайн сабақтар өткізу
«Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасы аясында пән үйлестірушісі, ф-м.ғ.к. Т. Әубәкіровтің қатысуымен «Зияткер» мектебінің 9-10 сынып оқушыларына стандартты емес және олимпиадалық математикалық есептерді шешуге қатысты онлайн сабақтар әр сәрсенбі сайын ZOOM платформасында өткізіледі. Онлайн сабақтар әртүрлі жағдайлардағы үдерістерді сипаттау үшін математикалық модельдер құру қабілеттерін, алған білімдерін практикалық тұрғыдан қолдану дағдыларын жетілдіру арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Бұл жоба оқушылардың математиканы оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі.
«Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету»
28-29 сәуір аралығында Білім беру бағдарламалары орталығының мамандары «Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасы аясында Атырау облысының 60 мұғалімі үшін зертханалық және тәжірибелік жұмыстар арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған екі күндік оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыруға ықпал ететін зерттеу кезеңдері, тапсырма түрлері қарастырылды.
Мұғалімдер тәжірибе жүзінде зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін қарастырды, STEM-сабақтарын әзірледі, сонымен қатар химия, физика және биология сабақтарында проблемалық оқытуды енгізуге арналған құралдарды қолданды. Pasco цифрлық жабдықтарын пайдалана отырып, зертханалық жұмыстарды орындады.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу жобасы шеңберіндегі семинар
«Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы 2022 жылдың 25-29 сәуір аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» – NIS-program білім беру бағдарламасына сәйкес 12-сынып оқушылары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу жобасы шеңберінде авторлар мен редакторлар үшін 12-сынып «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша семинар өткізілуде.
Семинар Нұр-Сұлтан қаласында «НЗМ» ДББҰ ғимаратында өткізілуде; мекенжайы: Хусейн бен Талал көшесі, 21/1.