Жалпы білім беретін мектептерге NIS-Programme білім беру бағдарламасын енгізу

Қазақстандық және халықаралық үздік тәжірибелерді біріктіретін NIS-Programme білім беру бағдарламасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2012 жылдан бастап жақсы нәтижемен жүзеге асырылуда.

Орталық NIS-Programme білім беру бағдарламасын Қазақстанның және басқа елдердің білім беру мекемелеріне енгізуде қолдау көрсетуге әзір.

NIS-Programme енгізу және жүзеге асыру үдерісі бірқатар кезеңдер мен нақты іс-шараларды қамтиды.

NIS-PROGRAMME ЕНГІЗУ ҮДЕРІСІ

«NIS-Programme енгізу үдерісі жайлы толығырақ» қойындысының  мазмұны:

 1. Қарастыру үшін онлайн-өтінім беру (нұсқаулық)

  1. «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, мектеп туралы мәліметтерді, байланыс ақпаратын толтырыңыз және NIS-Programme енгізу жоспарланып отырған білім беру деңгейін таңдаңыз.
  2. Мәліметтерді толтырып болған соң «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
  3. Әрі қарай онлайн-өтінімнің жіберілгендігі туралы сізге хабарлама келеді.
  4. Орталық маманы екі жұмыс күні ішінде сізбен байланысқа шығады.
  1. Дайындық кезеңі

Дайындық кезеңінде мектеп мұғалімдерін оқытуға және барлық мектеп ұжымына NIS-Programme ерекшеліктерін (тұжырымдамалық тәсілдемелері, құрылымы, оқу мақсаттарының жүйесі, үштілді білім беру және т.б.) түсіндіруге арналған кіріспе семинарлар, сонымен қатар пән мұғалімдерін білім мазмұнымен, оқыту әдістемесі және бағалау жүйесімен таныстыратын оқыту семинарлары өткізіледі.

Мектеп әр пән бойынша оқу бағдарламалары және жоспарларымен, NIS-Programme оқу-әдістемелік кешендерімен, оқу-әдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен қамтамасыз етіледі.

 

  1. Пилоттық енгізу

NIS-Programme пилоттық енгізу кезеңінде Орталық мониторинг, оқыту семинарлары мен онлайн қолдау арқылы мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетеді (1 академиялық жыл бойына).

Мониторинг қиындықтарды анықтауға, мұғалімдерге жергілікті жерлерде әдістемелік көмек көрсетуге және мектепке ұсыныстар әзірлеуге бағытталған мәліметтерді жинауға және талдауға арналған іс-шаралар (мектепке бару арқылы және онлайн) кешенін қамтиды.

Мектептерге мониторинг жасау сапары барысында Орталық мамандары оқу мақсаттары бойынша сабақты жоспарлауға, сабақ берудің белсенді әдістеріне, зерттеу дағдыларын дамытуға баса назар аудара отырып, семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізеді.

Мониторинг нәтижесіндегі деректерді талдағаннан соң, Орталық NIS-Programme бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға кедергі келтіретін олқылықтарды жою туралы ұсыныстар көрсетілген талдамалы анықтама әзірлейді.

Әрі қарайғы әдістемелік қолдау мұғалімдерге кеңес беру, мұғалімдер әзірлеген сабақтарға қатысты кері байланыс беру, мектепті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады.