Digital Bridge 2023 Халықаралық IT форумы

12-13 қазан аралығында Астана қаласында технологиялар әлемінің маңызды іс-шарасы — Digital Bridge 2023 Халықаралық IT форумы өтті. Аталған шара Қазақстан және шетел көрнекті спикерлерінің, технологиялық компаниялар басшыларының және саясат әлемінің негізгі тұлғаларының басын біріктірді.

Форумның ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен басталды. Мемлекет басшысы өз сөзінде жасанды интеллекттің даму тенденциялары мен оның жаһандық экономикаға әсері туралы өз көзқарасымен бөлісті.

Брендтік стенд «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалына форумға келушілерге өздерінің «NIS LAB» және «NIS Online» өнімдерін таныстыруға, сондай-ақ осы саладағы даму келешектері туралы айтуға мүмкіндік берді. «NIS LAB» өніміне орта білім беретін мектептер мен шетелдік инвесторлар қызығушылық танытқанын атап өту керек.

Осы форум аясында жасалған уағдаластықтар біздің болашақ жетістіктеріміз бен келісімдерімізге оң әсер ететініне сенімдіміз.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!