by Cepadmin | Oct 7, 2024 | Жаңалықтар, Нақты
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу бойынша семинарлар
2024 жылдың 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Орталықта «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ – NIS-Programme білім беру бағдарламасына сәйкес 7-сынып үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу жобасы шеңберінде «Қазақ тілі мен әдебиеті (Т1)», «Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)», «Русский язык и литература (Я1)», « Русский язык и литература (Я2)» пәндері авторлар мен редакторлар үшін онлайн семинарлар өткізілді.
Семинарларға 19 автор мен 4 редактор, сонымен қатар, техникалық редактор да қатысты.

by Cepadmin | Oct 3, 2024 | Жаңалықтар, Нақты
«Қазақ халқының күй-аңыздары» атты кітаптың тұсаукесері
2024 жылғы 24–25 қыркүйекте Астана қаласында WALS 2024 халықаралық конференциясы аясында «Қазақ халқының күй-аңыздары» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап қазақ және ағылшын тілдерінде әзірленген, құрастырғандар – Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері: «Музыка» пәнінен сарапшы Оспанова Анар Досанқызы және суретші-иллюстратор, дизайнер Алмасбаева Айсұлу Жұмабекқызы.
Басылым Қазақстанда алғаш рет қазақ күй-аңыздарын білім беру комиксі форматында ұсынуымен ерекшеленеді. Оқырмандарға «1 кітапта 5 әрекет» орындауға мүмкіндік берілген: оқу, тыңдау, ойнау, көру, сурет салу. Басылымда «толықтырылған шынайылық» (AR) цифрлық технологиялары бар, оның көмегімен қобыз, домбыра, жетіген музыкалық аспаптарының 3D-модельдерін көруге, олардың құрылымын зерделеуге, қосымша ақпаратпен танысуға және осы аспаптарда виртуалды ойнауға болады.
Кітапта қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындалатын күйлердің ноталары ұсынылған. Бұл оқырманын қазақ музыкасын тереңірек зерттей түсуге ынталандырады.
Кітапта күй-аңыздарға негізделген бояуға арналған беттер бар, бұл кітапты тек білім беру ресурсы ретінде танытып қоймай, оны қызықты шығармашылық жұмыс шеберханасына айналдырған.
Кітапта сипатталған барлық жұмыс түрлері аталмыш кітапты басқа басылымдардан ерекше және қызықты етеді!

by Cepadmin | Aug 1, 2024 | Жаңалықтар, Нақты
Тәжікстан Республикасында Оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды STEM-білім беру моделіне сәйкес әзірлеу жөніндегі ұлттық семинар
🌟 15-18 шілде аралығында «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының пән мамандары Абдурахманова Азиза, Жанбулатова Гаухар және Бекхожаев Сайдхожа Тәжікстан Республикасында Оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды STEM-білім беру моделіне сәйкес әзірлеу жөніндегі ұлттық семинарға халықаралық сарапшылар ретінде қатысты.
📚 Семинар барысында биология, химия және физика пәндерінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды ашық білім беру ресурстары (АББР) ретінде әзірлеудің жалпы тәсілдері айқындалды. Жаңа оқулықтарға құзыреттіліктерге негізделген тәсілді, заманауи үрдістер мен оқытудың инновациялық әдістерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
✨ Мамандарымыздың осындай маңызды іс-шараға қатысқаныны біз үшін мақтаныш, олардың үлесі Тәжікстандағы STEM білім берудің сапасын арттыруға көмектеседі деген үміттеміз!

by Cepadmin | May 28, 2024 | Жаңалықтар, Нақты
“Оқу бағдарламаларын тиімді ендіру: мониторинг, есеп беру және зерттеу” тақырыбындағы тренинг
“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының пән мамандары “Оқу бағдарламаларын тиімді ендіру: мониторинг, есеп беру және зерттеу” тақырыбында тренингтен өтті. Курсты Кембридж университетінің тренерлері Элисон Родригес (халықаралық білім беруді зерттеу орталығының жетекшісі) және Сара Нельсон (оқу жоспары бағдарламаларының менеджері) өткізді. Тренингке қатысушылар зерттеу жоспарларын жазу, сандық және сапалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ деректерді таныстыру және жариялау әдістерін қарастырды.

by Cepadmin | Apr 29, 2024 | Жаңалықтар, Нақты
“Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту” қайырымдылық жобасы аясында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру бойынша семинарлар.
«Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы аясында Білім беру бағдарламалары орталығының мамандары 26 наурыз бен 14 сәуір аралығында Қазақстанның 16 облысының мұғалімдеріне арналған аймақтық семинарлар сериясын сәтті жүзеге асырды. Семинарлар Атырау, Семей, Көкшетау және Шымкент қалаларының Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ Жамбыл облысы Б. Момышұлы атындағы ауылдың және Қарағанды облысы Абай қаласының мектептерінің базасында өткізілді. Іс-шара барысында «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Тарих», «Көркем еңбек», «Музыка» пәндерінен оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру бойынша бас қосқан 435 мұғалім өзара білім мен тәжірибе алмасты.
Мысалы, физика семинарларында ток көздерінің ішкі кедергісін анықтауға бағытталған тәжірибелер, сондай-ақ математикалық маятниктің көмегімен еркін құлауды зерттеу және тұтқыр сұйықтықтағы доптың қозғалыс жылдамдығының оның мөлшеріне тәуелділігін зерттеу жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушылар толқын ұзындығын дифракциялық тордың көмегімен анықтады.
Химия семинарында сапалық және сандық талдау, химиялық реакциялардың жылдамдығы сияқты тапсырмаларды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүйелі орындау арқылы зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тәжірибелік эксперименттердің маңыздылығына баса назар аударылды.
Биология бойынша семинар бағдарламасы аясында жасушалардағы осмостық үдерістерді, температураның ферментативті белсенділікке әсерін және өнімдердегі С дәруменінің құрамын анықтауға бағытталған зертханалық жұмыстар жүргізілді. Бұл сабақтар физиологиялық үдерістер мен биохимиялық реакциялар туралы білімді тереңдетуге көмектесті.
География мұғалімдері қышқыл жаңбырдан және табиғатқа әсер ететін басқа факторлардан туындаған экологиялық өзгерістерді талдау үшін картаға түсіру және деректерді визуализациялау әдістеріне назар аударды.
Тарих пәні бойынша семинар теориялық білімді көрсетіп қана қоймай, тарихи оқиғаларды талдау негізінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал еткен шеберлік сыныптары мен тәжірибелік тапсырмаларды қамтыды.
Сондай-ақ, көркем шығармашылық және музыка сабақтарында жобалық тәсіл қарастырылды, онда қатысушылар проблемаларды тұжырымдауды, ақпаратты талдауды және шығармашылық жобаларды әзірлеуді үйренді. Бұл тәсіл ойлау дизайны мен шығармашылық ойлау әдістерінің маңыздылығын атап өтті.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2020 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан бұл жоба еліміздің ауылдық мектептерде білім беру стандарттарын арттыруға деген ұмтылысын қолдай отырып, өңірлердің білім беру әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.
