1. Заманауи реформалар аясында Қазақстанның орта білім беру мазмұнын жетілдіру (2014–2016)

Орталық 2014–2016 жылдары Назарбаев Университетінің (НУ) Жоғары білім беру мектебімен, Кембридж университетінің білім факультетімен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен ынтымақтастықта «Заманауи реформалар аясында орта білім беру мазмұнын жетілдіру» зерттеу жобасына қатысты. Зерттеу жаңартылған білім беру мазмұнын еліміздің пилоттық мектептеріне тарату шеңберінде жүргізілді.

Зерттеудің мақсаттары:

  • Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнын, критериалды бағалау жүйесін енгізуге қатысты мұғалімдердің, мектеп директорларының және басқа да мүдделі тараптардың пікірлерін зерделеу.
  • Қазақстандағы бастауыш мектепке арналған жаңартылған курикулум мен бағалау тәжірибесін тиімді енгізуге қатысты ұсынымдар беру.

Зерттеу нәтижелерінің есептері Кембридж университетінің веб-сайтында төмендегі сілтеме арқылы қолжетімді: 

2. Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі білім беру саласындағы инновацияларды тарату және оның сабақтастығы (2018 – жалғасуда)

2018 жылдан бастап Орталық қызметкерлері НУ Жоғары білім беру мектебі, Кембридж университетінің білім беру факультеті және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі білім беру саласындағы инновацияларды тарату және оның сабақтастығы» тақырыбындағы бірлескен зерттеуге қатысып келеді.

Зерттеу мақсаттары:

  • Қазақстанда жаңартылған білім беру мазмұнының инновацияларын енгізуге қатысты мұғалімдердің, мектеп директорларының және басқа да мүдделі тараптардың көзқарастарын зерттеу;
  • реформаның моделін, оның артықшылықтарын, кемшіліктерін және жүйенің әртүрлі деңгейлеріне әсерін зерттеу;
  • реформаның мұғалімдерге және олардың кәсіби даму мүмкіндіктеріне әсерін анықтау.

3. ЭЫДҰ-ның «Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» жобасы

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бастамасымен 2015 жылы «Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» жобасы өз қызметін бастады.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің шешімі бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы («НЗМ» ДББҰ) осы жобаның ұлттық үйлестірушісі болып белгіленіп, оның бейресми жұмыс тобына кірді.

Жоба ортақ тіл мен платформаны құруға бағытталған, онда елдер білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту мәселелерін ұжымдасып немесе жеке-дара зерттей алады. Қатысушылар оқушылардың жаңа заман талаптарына сай болып, оларды өздері  үшін де, басқалар үшін де әлеуетті мүмкіндіктерге айналдыру мақсатында қандай білім, дағдыларды, қатынастар мен құндылықтарды меңгеруі тиіс екендігін талқылайды. Жоба қазіргі әлемнің күтпеген жағдайларына (VUCA әлемі) мектептік білімді барынша бейімдеуге және мектеп-2030 бейнесін белгілеуге арналған.

Орталықтың ЭЫДҰ жобасындағы қызметінің негізгі бағыттары

1) ЭЫДҰ «Білім және дағдылар» комитеті сарапшыларының басшылығымен «ОҚЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ШЕҢБЕРІ – 2030» құжатын әзірлеу.

 Мақсаты: жас ұрпаққа болашақта қажетті білім, дағдылар, құндылықтарды анықтайтын тұжырымдамалық құжат жасау.

«ЭЫДҰ оқу тұсбағдары» құрылды, ол оқушыларға түрлі әлеуметтік және экологиялық контекстерде бағдар беріп, алдарына жеке мақсаттар қойып, болашаққа жоспар құруға көмектеседі. ЭЫДҰ оқу тұсбағдары туралы бейнеүзінді қолжетімді.

2) Оқу бағдарламаларының жалпы салыстырмалы талдауы (curriculum content mapping – CCM)

Мақсаты: 21 ғасырдың құзыреттілік призмасы арқылы қатысушы елдердің қолданыстағы оқу бағдарламаларын тиімді мониторингтеу/қайта қарау.

ҚР орта білімнің жаңартылған мазмұнының жеті оқыту саласы бойынша оқу бағдарламаларына салыстырмалы талдау жүргізілді: өнер, гуманитарлық пәндер, математика, мемлекеттік тіл, дене шынықтыру, жаратылыстану-ғылыми пәндер, технологиялар. Талдау қатысушы елдердің курикулумдарына ЭЫДҰ-ның 2030 тұжырымдамалық шеңберінің 28 негізгі құзыреттілігін енгізуге шолу жасауды көздейді.

3) Математика бойынша құжаттар мен білім беру бағдарламаларын талдау (Mathematics Curriculum Document Analysis Project – MCDA)

Мақсаты: мемлекеттік стандарттарды, бастауыш және негізгі мектептердің оқу бағдарламаларын, 8-сыныпқа арналған математика оқулықтарын талдау.

4) Дене шынықтыру курикулумын терең талдау (In-depth Analysis of Physical Education – PE ANALYSIS)

Мақсаты: әртүрлі білім беру жүйелеріндегі 5-9-сыныптардағы дене тәрбиесінің аспектілерін халықаралық салыстырмалы талдау. ЭЫДҰ «Making Physical Education Dynamic and Inclusive for 2030» қорытынды есебін шығарды.

5) Тақырыптық топтардағы жұмыс (Thematic Working Groups – TWGS)

Мақсаты: жобаның негізгі құжаттарын дайындау, тұжырымдамаларды зерттеу.

Қатысушы елдер 9 бағытта тұжырымдамаларды әзірлеу және дамыту бойынша тақырыптық топтарда жұмыс істейді. Орталық қызметкерлері 3 жұмыс тобының жұмысына қатысты.

6) Бейнероликтерді дайындау 

Мақсаты: оқушыларға 2030 жылы өздері өмір сүргісі келетін әлемнің тұрақты дамуы туралы нақты ұстанымдары мен көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беру; мұғалімдерді оқушылардың болашақта табысты өмір сүруге қажетті құзыреттіліктері мен дағдыларын дамыту тәжірибесімен алмасуға ынталандыру.

Зияткерлік және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушылары 112 бейнеролик дайындады, оның 5-ін хатшылық ЭЫДҰ жобасының ресми сайтында жариялау үшін таңдады.

7) Жоба идеяларын тарату  

Жоба идеяларын тарату мақсатында ЭЫДҰ-ның жетекші сарапшылары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Халықаралық конференцияларына спикер ретінде шақырылады.

 

 НЗМ-нің «Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» VIII халықаралық конференциясы:

«Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» НЗМ ІХ Халықаралық конференциясы:

НЗМ «Жаңа дәуірдің мектебі» Х Халықаралық конференциясы:

 

2020 жылы ЭЫДҰ Білім және дағдылар департаментінің басшысы Андреас Шлейхер «Білім берудегі үйреншікті нәрседен бас тарту – білім беруді қайта ойластыру» тақырыбында өткен Intellectual Podcast подкастының алғашқы қонағы болды.

 

Жобада жұмыс істеген кезеңінде Орталық бірқатар құжаттар мен бейнероликтерді қазақ және орыс тілдеріне аударды.  Ақпараттық-талдамалық кітапшалардың 4 басылымы дайындалды. Барлық материалдар ЖӘК-те Халықаралық зерттеу жобалары бөлімінде орналастырылған: құжаттар, кітаптар мен брошюралар, таныстырылымдар, бейнематериалдар, ақпараттық материалдар.