Мектептегі білім беру ортасын өзгерту бойынша тренинг
2021 жылдың 25-26 қарашасында Атырау қаласында «Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасын іске асыру аясында Атырау облысы білім басқармасының қызметкерлері мен мектеп директорларына білім беру ортасын трансформациялау бойынша тренинг өткізілді. Бұл шараға 116 адам қатысты.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Білім беру бағдарламалары орталығы және NIS Ақпараттық технологиялар орталығы және қызмет көрсету орталығының қызметкерлері білім беру ортасын жетілдіруге бағытталған бірқатар пайдалы дәрістер мен шеберлік сағаттар ұйымдастырды.
Білім беру бағдарламалары орталығының сарапшысы Алжанова Ғалия Жанзаққызы «Жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыру мақсатында білім беру ортасын жоспарлау» тақырыбында сессия өткізді. Семинарда оқу кабинеттеріне қойылатын талаптар, шағын жинақты мектептердегі кабинеттердің қажеттіліктері, ауыл және қала мектептерінің құрал-жабдықтарының тізімдері, білім беру ортасының компоненттері талқыланды. Практикум барысында қолда бар құралдарды пайдалана отырып, тәжірибелік-эксперименттік және шығармашылық жұмыстарды орындау үшін білім беру ортасын тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар шығынды көп қажет етпейтіндей мектеп қабырғалары мен холлдарды безендіру жолдары қарастырылды. Мұғалімдер атқарылған жұмыстар бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.
Тренинг қатысушылары аталмыш іс-шараның мазмұны мен өзектілігін атап өтті.
Білім беру саласындағы саясат пен инновациялар жөніндегі IX конференция жұмысына қатысуы
2021 жылғы 28 қазанда «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қызметкерлері Орехова Наталия және Бигазина Перизат Кавказ, Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен басқа да елдердің зерттеушілері, саясаткерлері мен тәжірибелі мамандары арасындағы диалогты жандандыру үшін білім беру саласындағы саясат пен инновациялар жөнінде форум құруға бағытталған KIX (Network for international policies and cooperation in education and training) конференция жұмысына қатысты. Конференцияға білімді жетілдіру, ұлттық және әлемдік тәжірибеге назар аудару үшін сарапшылармен қатар әртүрлі білім беру мекемелерінің өкілдері де шақырылды.
Біздің әріптестер «Жаратылыстану» пәніне арналған практикалық тапсырмаларды қалай жасау және бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастырудың практикалық тәсілдерін көрсететін бейнесабақтарды қалай даярлау тәжірибелерімен бөлісті. Әріптестер тарапынан жасалған «Жаратылыстану» оқулығы оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық шарттардың бірі» тақырыбындағы баяндама білім саласындағы халықаралық зерттеушілердің қазақстандық тәжірибе мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қызметіне деген қызығушылығын тудырды.
Атырау қаласының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-10 сынып мұғалімдеріне арналған оқыту вебинарларының екінші кезеңін өткізу
11-12 қазанда Білім беру бағдарламалары орталығының пән мамандары «Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасын іске асыру аясында Атырау қаласының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты 9-10 сынып мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламаларын іске асыру жөніндегі оқыту вебинарларының екінші кезеңін өткізді.
Пән бойынша вебинарларда сабақты жоспарлау мәселесіне баса назар аудырылды. Сабақ мақсаттарын құрастыру, сабақтың кезеңдері бойынша жоспарлау сұрақтары егжей-тегжейлі талқыланды.
Сонымен қатар вебинарлар барысында мұғалімдер белсенді оқыту әдістері негізінде тапсырмаларды әзірлеу бойынша практикалық жұмысқа белсенді қатысты. Вебинарлардан кейін қатысушылар кері байланыс беріп, вебинарлардың пайдасын атап өтті, алған білімдерін педагогикалық қызметінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
2021 жылдың қыркүйегінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ресми сайтында «2021 жылғы білім беру туралы қысқаша ақпарат» баяндамасы жарияланды (Education at a Glance 2021: OECD Indicators).
Баяндамада әлем бойынша білім беру жүйесінің жағдайы туралы жинақталған ақпарат берілген. Сонымен қатар баяндамада оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың және саясаткерлердің мүдделері бойынша интерактивті графика түрінде соңғы мәліметтер ұсынылады. ЭЫДҰ елдері, сондай-ақ бірқатар серіктес мемлекеттердің білім беру жүйесінің құрылымы, қаржыландырылуы мен өнімділігі туралы индикаторлар беріледі.
Қазіргі кезде әлем бойынша адамдардың әлеуметтік, экономикалық келешегін жақсартуға, орта білім берудің тиімділігін арттыруға бағытталған саясатты әзірлеу үшін,
халықаралық салыстырулардан алынған мүмкіндіктер мен нәтижелерді пайдалану тенденциясы байқалады. ЭЫДҰ Білім және дағдылар директораты жыл сайын «Білім беру туралы қысқаша ақпарат» баяндамасын жариялайды, есеп ішінде халықаралық салыстырмалы сандық көрсеткіштер талданады. ЭЫДҰ-ның ел саясатын шолуымен бірге бұл көрсеткіштерді білім берудің тиімді және әділетті жүйесін құру үшін, үкіметтер көмек ретінде пайдалануға болады.
«Білім беру туралы қысқаша ақпарат» барлық мүдделі тараптарға пайдалы: үкіметтер басқа елдер жүргізген саясаттан сабақ алуға ұмтылады, ғалымдар терең талдау жүмыстарына қажет деректерді алады және қоғам өз елі мен басқа елдердің оқушыларының оқу жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік алады. Деректер ЭЫДҰ – PISA, PIAAC және TALIS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің негізінде ұсынылған.
әдістемелік нұсқаулығы. Методическое пособие по физике для суммативного оценивания за раздел в 7 классе.
Беркало Валентина Николаевна,
Жабагина Раушан Магжановна,
Карибжанова Асель Коптлеуовна/ НИШ ХБН г. Павлодар
3.
Информатика
Решебник по программированию на Python.
Кабакбаева Лаззат Николаевна /НИШ ФМН г. Актобе
4.
Информатика
Дидактический материал по Информатике (методическое пособие для повышения качества подготовки учащихся по обновленной программе) для 2 класса общеобразовательных школ.
Ким Е.О./НИШ ФМН г. Талдыкорган,
Адекенова А.Н./НИШ ХБН г. Караганды
5.
Информатика
Дидактический материал по робототехнике (методическое пособие для повышения качества подготовки учащихся по обновленной программе) для начальных классов общеобразовательных школ 1-5 классы
Адекенова Айгуль Науканбаевна/НИШ ХБН г. Караганды,
Байметова Ж.Р., Даурыкбаева Ш. А., Канатова Ж.К., Жантөре Н.М./НИШ ХБН г.Караганды
ІІ дәрежелі диплом
1.
Математика
Сборник задач по математике практического содержания. 7 класс.
Габдуллина Динара Серикказыевна/ НИШ ФМН г. Семей
2.
Физика
Лабораторный практикум по физике методические рекомендации по выполнению лабораторных работ в 7 классе.
Щелыкалина Лариса Георгиевна /НИШ ФМН г. Актобе
3.
Физика
Физика. 7-сыныпқа арналған жұмыс дәптері.
Тураканова Г.А./НИШ ХБН г.Усть-Каменогорск
4.
Химия
Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағ. Химия пәні бойынша 8-сыныпқа әдістемелік нұсқаулық.
Ергешова Бибиганым Калдыбаевна/ Наумагамбетова Дина Абдуллаевна \НИШ ХБН г. Шымкент
5.
Химия
Междисциплинарный подход для практики stem-образования: от учебных целей к формированию навыков системного мышления. Методическое пособие.
Stem білім беру тәжірибесі үшін пәнаралық тәсіл: Оқу мақсатынан жүйелік ойлау дағдыларын қалыптастыру. Әдістемелік құрал.
Киматова Г.Т., Сахиева А.К./НИШ ФМН г.Уральск
6.
География
География пәнінен 11-12 сыныптарға арналған мәтіндер мен тапсырмалар жинағы (жаңа кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс тәжірибемен бөлісу).
Нургалиева Г.А./НИШ ФМН г.Нур-Султан,
Разхан Харлыгаш/НИШ ФМН г. Кокшетау,
Омарова С.К./НИШ ФМН г.Нур-Султан
ІІІ дәрежелі диплом
1.
Математика
Мәтіндік есептерді арифметикалық әдіспен шешу ерекшелігі. 5-сыныпқа арналған Математика.
Рыскельдиева Гульмира Канатбековна/ НИШ ФМН г. Нур-Султан
2.
Математика
Алгебра бойынша дидактикалық материалы. 7-сынып. Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдер үшін әдістемелік құрал.
Шайхиева Н.Ш., Сапанов С.Ж., Ибрашева Т.М., Шамеденова Л.Х./НИШ ХБН г. Атырау
3.
Физика
Энергия және қарапайым механизмдер.
7-сынып оқушыларының жеке жұмыстарына арналған әдістемелік құрал.
Жабагина Раушан Магжановна,
Карибжанова Асель Коптлеуовна/ НИШ ХБН г. Павлодар
4.
Физика
Жобалау-зерттеу қызметі арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту. 7-сынып.