Атырау қаласының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-10 сынып мұғалімдеріне арналған оқыту вебинарларының екінші кезеңін өткізу

11-12 қазанда Білім беру бағдарламалары орталығының пән мамандары «Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасын іске асыру аясында Атырау қаласының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты 9-10 сынып мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламаларын іске асыру жөніндегі оқыту вебинарларының екінші кезеңін өткізді.

Пән бойынша вебинарларда сабақты жоспарлау мәселесіне баса назар аудырылды. Сабақ мақсаттарын құрастыру, сабақтың кезеңдері бойынша жоспарлау сұрақтары егжей-тегжейлі талқыланды.

Сонымен қатар вебинарлар барысында мұғалімдер белсенді оқыту әдістері негізінде тапсырмаларды әзірлеу бойынша практикалық жұмысқа белсенді қатысты. Вебинарлардан кейін қатысушылар кері байланыс беріп, вебинарлардың пайдасын атап өтті, алған білімдерін педагогикалық қызметінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!