Мектептегі білім беру ортасын өзгерту бойынша тренинг
2021 жылдың 25-26 қарашасында Атырау қаласында «Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасын іске асыру аясында Атырау облысы білім басқармасының қызметкерлері мен мектеп директорларына білім беру ортасын трансформациялау бойынша тренинг өткізілді. Бұл шараға 116 адам қатысты.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Білім беру бағдарламалары орталығы және NIS Ақпараттық технологиялар орталығы және қызмет көрсету орталығының қызметкерлері білім беру ортасын жетілдіруге бағытталған бірқатар пайдалы дәрістер мен шеберлік сағаттар ұйымдастырды.
Білім беру бағдарламалары орталығының сарапшысы Алжанова Ғалия Жанзаққызы «Жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыру мақсатында білім беру ортасын жоспарлау» тақырыбында сессия өткізді. Семинарда оқу кабинеттеріне қойылатын талаптар, шағын жинақты мектептердегі кабинеттердің қажеттіліктері, ауыл және қала мектептерінің құрал-жабдықтарының тізімдері, білім беру ортасының компоненттері талқыланды. Практикум барысында қолда бар құралдарды пайдалана отырып, тәжірибелік-эксперименттік және шығармашылық жұмыстарды орындау үшін білім беру ортасын тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар шығынды көп қажет етпейтіндей мектеп қабырғалары мен холлдарды безендіру жолдары қарастырылды. Мұғалімдер атқарылған жұмыстар бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.
Тренинг қатысушылары аталмыш іс-шараның мазмұны мен өзектілігін атап өтті.