«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS-Programme білім беру бағдарламасының Зияткерлік мектептерде жүзеге асырылуын бақылау

 

Ағымдағы жылдың 28 наурызы мен 8 сәуірі аралығында «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының пән мамандары (бұдан әрі – пән мамандары) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS-Programme білім беру бағдарламасының Зияткерлік мектептерде жүзеге асырылуына мониторинг жүргізді.

Мониторинг 9 қалада негізгі және жоғары мектеп пәндері бойынша жүргізілді.

Мониторингтің мақсаты пандемия кезінде қашықтан және аралас оқыту форматында NIS-Programme бағдарламасының жүзеге асырылу процесін талдау болып табылады.

Мониторинг барысында деректер жинаудың әртүрлі әдістері қолданылды: сабақтарға қатысу, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары мен мұғалімдер дайындаған сабаққа арналған үлестірме материалдарды талдау, оқушылардың жұмысын талдау, балалар және мұғалімдермен фокус-топтар.

Сонымен қатар мониторинг пандемия кезінде Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен оқушыларында туындаған проблемалар мен қиындықтарды анықтауға бағытталған.

NIS-Programme бағдарламасына байланысты толық мәлімет алу үшін Орталықтың пән мамандары тек өз пәндеріне ғана емес, басқа да пәндердің сабақтарына қатысты.

Мониторинг қорытындысына сәйкес Зияткерлік мектептердің мұғалімдеріне NIS-Programme бағдарламасы бойынша оқытуда оқушыларға қолдау көрсету мақсатында әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар жазғы тренингтер кезінде оқыту жүзеге асырылады.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!