Оқушыларға стандартты емес және олимпиадалық математикалық есептерді шешуге қатысты онлайн сабақтар өткізу

«Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасы аясында пән үйлестірушісі, ф-м.ғ.к. Т. Әубәкіровтің қатысуымен «Зияткер» мектебінің 9-10 сынып оқушыларына стандартты емес және олимпиадалық математикалық есептерді шешуге қатысты онлайн сабақтар әр сәрсенбі сайын ZOOM платформасында өткізіледі. Онлайн сабақтар әртүрлі жағдайлардағы үдерістерді сипаттау үшін математикалық модельдер құру қабілеттерін, алған білімдерін практикалық тұрғыдан қолдану дағдыларын жетілдіру арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Бұл жоба оқушылардың математиканы оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!