Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қайта қарау жобасы шеңберіндегі семинарлар.
«Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы 2024 жылдың 5-9 ақпан аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» – NIS-programme білім беру бағдарламасына сәйкес 8-сынып оқушылары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қайта қарау жобасы шеңберінде авторлар мен редакторлар үшін «Математика», «Химия», «Биология», «Информатика», «География», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша онлайн семинарлар өткізілуде. Онда 29 оқулық авторлары мен 7 редактор қатысуда.