«Оқу бағдарламаларын тиімді ендіру: мониторинг, есеп беру және зерттеу» тақырыбындағы тренинг
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының пән мамандары «Оқу бағдарламаларын тиімді ендіру: мониторинг, есеп беру және зерттеу» тақырыбында тренингтен өтті. Курсты Кембридж университетінің тренерлері Элисон Родригес (халықаралық білім беруді зерттеу орталығының жетекшісі) және Сара Нельсон (оқу жоспары бағдарламаларының менеджері) өткізді. Тренингке қатысушылар зерттеу жоспарларын жазу, сандық және сапалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ деректерді таныстыру және жариялау әдістерін қарастырды.