«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында оқыту семинарлары өтті

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында оқыту семинарлары өтті

2025 жылдың 21–29 сәуір күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы Алматы, Астана қалаларындағы физика-математика бағытындағы және Павлодар, Шымкент, Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында аталмыш жобаның шеңберінде «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Тарих», «Көркем еңбек» және «Музыка» пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинарларын ұйымдастырды. Семинарлар жоба мақсатына сай осы пәндер мазмұны негізінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мәселесіне арналды.

Семинар барысында пән мамандары оқыту тәжірибесінде белсенді қолданылатын әдістер мен тиімді педагогикалық практикалар үлгілерімен өзара тәжірибе алмасты. Іс-шаралар тәжірибе алмасу және қол жеткізілген нәтижелерді талқылау арқылы қорытындыланды. Қатысушылар алынған білімнің жоғары практикалық маңызын атап өтіп, оны оқу үдерісіне жаңа педагогикалық тәсілдер ретінде енгізуге дайын екендіктерін білдірді.

Пән мұғалімдері зерттеу тақырыбына сәйкес лабораториялық және практикалық жұмыстарды орындап, шығармашылық жобалардың түрлі нұсқаларын әзірлеп, өз жұмыстарын әріптестеріне таныстырды. Екі күнге созылған семинар нәтижесінде қатысушылар жағымды кері байланыс берді. Олар семинарға үлкен қызығушылық танытып, алған әсерлерімен және жағымды эмоцияларымен бөлісті, сондай-ақ осындай форматтағы іс-шараларды алдағы уақытта қайта өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының NIS-Programme білім беру бағдарламасының жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу үдерісіне зерттеу мониторингі

2025 жылдың 10-14 ақпан аралығында негізгі мектептің 7–8-сыныптарында NIS-Programme 2.0 білім беру бағдарламасын енгізу үдерісіне зерттеу мониторингі жүргізілді.

Мониторинг және оқыту тренингтері өткізілген орын: Семей, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан қалаларының Зияткерлік мектептері.

Көзделген аудитория: мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым және мектеп оқушылары.

Зерттеу әдістері:

  • сабақтарды бақылау;
  • қысқа мерзімді сабақ жоспарлары мен үлестірмелі оқу материалдарын талдау;
  • ұстаздармен және оқушылармен сұхбат;
  • мектеп құжаттамасын талдау (мектепішілік бақылау мен ұстаздардың бір-бірінің сабақтарына қатысуы шеңберінде сабақты бақылау парақтары).

Оқу мақсаттарына қол жеткізудің тиімділігі бағаланды, оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға кедергі келтіретін факторларды анықтау жұмысы, сондай-ақ оқыту әдістері мен олардың оқушылардың оқу нәтижелеріне әсеріне талдау жұмысы жүргізілді.

Мектептерді бақылау барысында ұстаздар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқаны байқалды. Мұғалімдер проблемалық оқытуды енгізуге, зерттеуге негізделген оқыту тәсілдерін қолдануға тырысады, сондай-ақ белсенді оқыту әдістерін қолданып, іс арқылы білім алу әдісіне назар аударады. Осы бағыттардағы жұмысқа қолдау көрсетуді жалғастыру арқылы жаңартылған бағдарламаны одан әрі тиімді енгізіп, алға қойылған білім беру мақсаттарына қол жеткізуге болады деген ойдамыз.