2025 жылдың 21–29 сәуір күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы Алматы, Астана қалаларындағы физика-математика бағытындағы және Павлодар, Шымкент, Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында аталмыш жобаның шеңберінде «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Тарих», «Көркем еңбек» және «Музыка» пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинарларын ұйымдастырды. Семинарлар жоба мақсатына сай осы пәндер мазмұны негізінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мәселесіне арналды.

Семинар барысында пән мамандары оқыту тәжірибесінде белсенді қолданылатын әдістер мен тиімді педагогикалық практикалар үлгілерімен өзара тәжірибе алмасты. Іс-шаралар тәжірибе алмасу және қол жеткізілген нәтижелерді талқылау арқылы қорытындыланды. Қатысушылар алынған білімнің жоғары практикалық маңызын атап өтіп, оны оқу үдерісіне жаңа педагогикалық тәсілдер ретінде енгізуге дайын екендіктерін білдірді.

Пән мұғалімдері зерттеу тақырыбына сәйкес лабораториялық және практикалық жұмыстарды орындап, шығармашылық жобалардың түрлі нұсқаларын әзірлеп, өз жұмыстарын әріптестеріне таныстырды. Екі күнге созылған семинар нәтижесінде қатысушылар жағымды кері байланыс берді. Олар семинарға үлкен қызығушылық танытып, алған әсерлерімен және жағымды эмоцияларымен бөлісті, сондай-ақ осындай форматтағы іс-шараларды алдағы уақытта қайта өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!