2025 жылдың 10-14 ақпан аралығында негізгі мектептің 7–8-сыныптарында NIS-Programme 2.0 білім беру бағдарламасын енгізу үдерісіне зерттеу мониторингі жүргізілді.
Мониторинг және оқыту тренингтері өткізілген орын: Семей, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан қалаларының Зияткерлік мектептері.
Көзделген аудитория: мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым және мектеп оқушылары.
Зерттеу әдістері:
- сабақтарды бақылау;
- қысқа мерзімді сабақ жоспарлары мен үлестірмелі оқу материалдарын талдау;
- ұстаздармен және оқушылармен сұхбат;
- мектеп құжаттамасын талдау (мектепішілік бақылау мен ұстаздардың бір-бірінің сабақтарына қатысуы шеңберінде сабақты бақылау парақтары).
Оқу мақсаттарына қол жеткізудің тиімділігі бағаланды, оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға кедергі келтіретін факторларды анықтау жұмысы, сондай-ақ оқыту әдістері мен олардың оқушылардың оқу нәтижелеріне әсеріне талдау жұмысы жүргізілді.
Мектептерді бақылау барысында ұстаздар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқаны байқалды. Мұғалімдер проблемалық оқытуды енгізуге, зерттеуге негізделген оқыту тәсілдерін қолдануға тырысады, сондай-ақ белсенді оқыту әдістерін қолданып, іс арқылы білім алу әдісіне назар аударады. Осы бағыттардағы жұмысқа қолдау көрсетуді жалғастыру арқылы жаңартылған бағдарламаны одан әрі тиімді енгізіп, алға қойылған білім беру мақсаттарына қол жеткізуге болады деген ойдамыз.