«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің 10-11 сынып мұғалімдеріне арналған элективті курстарды жүзеге асыру кезінде жобалық жұмыстарын және оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша вебинарлар

«Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасы аясында «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» үшін жоғары мектеп пәндерінің мазмұнын тереңдету және кеңейту мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жаратылыстану-математикалық, лингвистикалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша 17 элективті курс бағдарламасы әзірленді.

Орталық қызметкерлері 2021 жылдың 22-25 қарашасы аралығында «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің 10-11 сынып мұғалімдеріне әзірленген элективті курстар бойынша оқушылардың жобалық жұмыстарды ұйымдастыру, зерттеу

дағдыларын дамыту, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды өткізуге арналған вебинарлар ұйымдастырды.

Вебинарлар барысында мұғалімдер элективті курс бағдарламаларының мазмұны, құрылымы мен ерекшеліктерімен танысты.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!