Солтүстік Қазақстан облысының Петерфельд ауылында Абай атындағы орта мектептің математика мұғалімдеріне арналған вебинар.

2021 жылы 3-4 ақпан күндері Білім беру бағдарламалары орталығының пәндік үйлестірушісі Т.У. Әубәкіров Солтүстік Қазақстан облысының Петерфельд ауылында Абай атындағы орта мектептің математика мұғалімдеріне «Статистика және ықтималдық теориясы» тақырыбында екі күндік вебинар өткізді.

Бұл вебинар – Білім беру бағдарламалары орталығының бастамасымен қолға алынған Петерфельд ауылы Абай атындағы орта мектептің математика мұғалімдеріне арналған вебинарлар топтамасының алғашқысы.

Вебинардың бірінші күні ықтималдық теориясының негіздері қарастырылды, мұғалімдердің білімі тәжірибелік тапсырмалар арқылы тексерілді. Екінші күнгі вебинар ықтималдықтарды қосу және көбейту формулаларын қолдануға, оқиғаның шартты ықтималдығын есептеуге, сондай-ақ оқиғалардың тәуелсіздігін анықтауға арналған тапсырмаларды талдауға арналды. Қатысушылардың кері байланысы осы вебинардың пайдалылығы мен уақыт сұранысына сай екенін көрсетті. Келесі вебинарлар 2021 жылдың наурыз-сәуір айларына жоспарланып отыр.

 

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!