Атырау қаласының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ 9-10-сынып мұғалімдеріне оқыту вебинарларын өткізу
2-3 қыркүйекте Білім беру бағдарламалары орталығының пәндік үйлестірушілері «Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға жәрдемдесу» жобасын іске асыру шеңберінде «Зияткер» мектебінің 9-11-сынып мұғалімдері үшін жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламаларын іске асыру ерекшеліктері бойынша вебинарлар өткізді.
Педагогтерді оқыту барысында келесі өзекті тақырыптар қарастырылды: сөйлеу қызметінің дағдыларын және оқу сауаттылығын дамыту; академиялық жазу дағдылары; пәндік-интеграцияланған оқытуды (CLIL) енгізу; математикалық, жаратылыстану-ғылыми және цифрлық сауаттылықты дамыту; практикалық жұмыстарды өткізу курсы; бағдарламалау бойынша практикум; тарих сабақтарында оқушылардың тарихи ойлауын және зерттеу қызметін дамыту.
«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» Жобасы аясында жоғары мектеп пәндерінің мазмұнын тереңдету және кеңейту мақсатында жаратылыстану-математикалық, лингвистикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы қазақ және орыс тілдерінде 17 элективті курс әзірленді және берілді. Әзірленген элективті курстар аясында 2021 жылдың қазан айына мектеп педагог мамандарын оқыту жоспарланған