«Болашақ білім беру мен дағдылар: Білім беру – 2030» жобасы аясындағы ЭЫДҰ жарияланымдарының көрсетілімі

25-26 қараша күндері «Болашақ білім беру мен дағдылар: Білім беру – 2030» жобасы шеңберінде ЭЫДҰ-ның кезекті виртуалды форумы өтті. Форумда куррикулум бойынша екі халықаралық есеп ұсынылды.

«Бүгінгі куррикулум мазмұны және оның 21 ғасыр куррикулум талаптарына сай болуы» атты бірінші есеп куррикулумның оқушылардың болашақ қажеттіліктеріне жауап бере алмай, артта қалу мәселелеріне арналды. «Куррикулумның шамадан тыс жүктемесі: мәселені шешу жолдары» атты екінші есебі куррикулумның шамадан тыс жүктелу мәселесін шешу жолдарына арналған. 

ЭЫДҰ үшін түрлі стейкхолдерлердің дауысы маңызды. Бұл форум да ол ережелерден алшақ кетпеді. Есептерді Франция, Литва, Нидерланды, Корея, Израиль және басқа елдердің мұғалімдері мен оқушылары, білім министрліктерінің қызметкерлері ұсынды. Шақырылғандардың ішінде Алматы қ. ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы Джафар Қабиденов те болды. Ол пандемия кезіндегі өз оқу тәжірибесін қысқаша сипаттап, оқушылардың қашықтықтан оқыту кезінде кездескен қиындықтарымен бөлісті, кері байланыс пен қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығын атап өтті.  

Келесі жаһандық форум Эстонияда 2021 жылдың мамыр айына жоспарланған.

Есептермен және есептердің бейнетаныстырылымдарымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.oecd.org/education/2030-project/curriculum-analysis.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!