«Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL): Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған CLIL тапсырмалары»
«Білім беру бағдарламалары» филиалының мамандары үштілді білім беру саясатын жүзеге асыру аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері үшін 2021 жылдың 25-27 тамызы аралығында «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL): Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған CLIL тапсырмалары» онлайн семинарларын өткізді. Онлайн семинарлар «Қазақстан тарихы», «Қазақстан тарихы (Қазіргі әлемдегі Қазақстан)», «География» және «Құқық негіздері» пәндерінің мұғалімдері үшін қазақ тілінде, ал «Химия», «Биология», «Жаһандық перспективалар және жоба жұмысы», «Физика» және «Информатика» пәндерінің мұғалімдері үшін ағылшын тілінде жүргізілді. Семинарларға жалпы саны 136 мұғалім қатысты. Семинар барысында CLIL тәсілдемесін жүзеге асыру, CLIL стратегиялары, скаффолдинг сияқты маңызды сұрақтар қарастырылды. Практикалық бағыттағы семинардың пайдалылығы мен тиімділігін пән мұғалімдері ерекше атап өтті.