«Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» ЭЫДҰ жобасы аясындағы екінші виртуалды жаһандық форум

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – НЗМ) 2020 жылы «Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» ЭЫДҰ жобасында Қазақстанның атынан ұлттық үйлестіруші ретінде жұмысын жалғастырды. Осы жылдың қазан айында НЗМ ЭЫДҰ ұйымдастырған екінші виртуалды жаһандық форумға қатысты (бұдан әрі – форум). Бірінші форум 2020 жылдың мамыр айында өтті.

 

Форумға НЗМ атынан Жанар Абдильдина, Зухра Шегенова, Мадина Тыныбаева, Әсем Еркінова, Зарина Хамидулина және Нұр-Сұлтан қаласындағы ФМБ НЗМ директорының орынбасары Айдар Хорошаш қатысты. Сондай-ақ, форумға Нұр-Сұлтан қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 10- және 12-сынып оқушылары Рахат Жакиенов, Аружан Аусат, Азат Тыртыкаев, Ақтау қаласындағы ХББ НЗМ-нің 11-сынып оқушылары Жанерке Сулейменова, Гульфайруз Ниялова қатысты. Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ оқушысы Джафар Кабиденов ЭЫДҰ хатшылығының шақыруымен форумға екінші рет қатысып, топ жұмысының нәтижелерін таныстырды.

 

Бірінші форумда әр елдердің өкілдері пандемия жағдайында білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін шешудегі қиындықтар мен шешімдерді ұсыну мүмкіндіктерін қарастырды. Екінші форумда мектептердің ашылуына, жаңа оқу жылының басталуына қатысты сұрақтар мен қиындықтар, сонымен қатар білім берудегі әділдік пен теңдік мәселелеріне зер сала отырып қарымта шаралар қарастырылды.

 

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен ZOOM онлайн-платформасында екі күндік топтық жұмыс жүргізілді. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқушылардың пікірлері мен тәжірибелеріне ерекше назар аударылды. Топтардағы пікірталастар «оқушылар үніне» құлақ асудан басталды. НЗМ оқушылары әртүрлі фокус-топтарға кіріп, білім беру бағдарламасына, бағалауға, жаңа оқу жылындағы оқу үдерісіне қатысты тәжірибелерін сипаттап, пікірлерімен бөлісті.

 

Бірінші күні топтық жұмыстың негізгі бағыты – білім беру бағдарламасы мен бағалау арқылы теңдіктегі алшақтықты азайту, оның ішінде үлгерімнің төмен болуы, оқушылардың мектепке бармауы, оқудағы олқылықтар, оқушылардың әл-ауқаты мен уәждемесін қоса алғанда. Форумның екінші күні әртүрлі елдердегі мұғалімдермен және ғалымдармен бірлесіп пандемия кезіндегі мұғалімдер мен оқыту рөлінің өзгеруі, сондай-ақ «Оқыту тұсбағдары – 2030» тұрғысынан болашақ мұғалімнің бейнесі, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас, оқу ортасы талқыланды. Қатысушылар бірлесіп «Мұғалім тұсбағдары – 2030» (жоба атауы) жобасын әзірледі.

 

«Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» жобасы туралы толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады https://www.oecd.org/education/2030-project/

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!