ЭЫДҰ мен Фукусима университетінің «Өткенді еске алып, болашаққа беттейміз» тақырыбындағы бірлескен семинары

2021 жылдың 13-14 наурызында ЭЫДҰ қолдауымен Фукусима университеті үш апаттың: Жапонияның шығыс жағалауындағы жер сілкінісі, цунами және «Фукусима-1» атом электр станциясындағы жарылыстың 10 жылдығына арналған онлайн-семинар өткізді.

2021 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – НЗМ) ЭЫДҰ-ның «Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» жобасында (бұдан әрі – жоба) Қазақстан атынан Ұлттық үйлестіруші ретіндегі жұмысын жалғастыруда. Жоба аясында семинарға «НЗМ» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының аға менеджері Зарина Хамидулина мен Алматы қ. ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы Джафар Қабиденов қатысты. Ол – 2021-2022 жылдардағы ЭЫДҰ жобасы бойынша оқушылар кеңес беру тобының (Student Advisory Group) тұрақты мүшесі.

Бірінші күні ұйымдастырушылар Фукусимадағы оқшауланған аймақ бойынша виртуалды тур өткізді. «Тохоку мектебі (2012-2014)» жобасының түлектері уақыт капсуласын ашты: өздерінің 2014 жылы Парижде мектептердің 2030 жылға дейінгі болашағы туралы тұжырымдаған көзқарастарымен қайта кездесті. Қатысушыларға іске асырылған және іске асыруды әлі де қажет ететін қадамдарға қатысты 5 болжам мен рефлексия таныстырылды.

Екінші күні жапон оқушылары мен студенттері білім беруді жаңарту және білім беру арқылы қоғамды жақсарту жөніндегі түрлі идеяларын ұсынды. Олармен бірге ЭЫДҰ оқушылар кеңес беру тобының мүшелері атынан Джафар Қабиденов сөз сөйледі. Джафар баяндаманы жапон мектебінің оқушысы Мики Нананшимамен бірге жасады. Ол ұсынылған идеяларды, дәлірек айтқанда, олардың мүмкіндіктері мен қиындықтарын, сондай-ақ идеяларды жүзеге асыру нәтижелерін халықаралық тұрғыдан қарастыруға тырысты.

Олар оқушылар ұсынған жаһандық немесе жергілікті мәселелерді шешуге бағытталған жаңа жобаларды талқылау үшін әртүрлі қызмет салаларының өкілдерін, атап айтқанда мемлекеттік органдарды, жеке компанияларды, білім беру секторының өкілдерін, сонымен қатар оқушылар қоғамдастығын біріктіретін онлайн-платформа құру идеясын ұсынды.

«Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» жобасы туралы толығырақ ақпаратпен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.oecd.org/education/2030-project/

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!