Атырау облысының 50 жалпы білім беретін мұғалімдеріне «Өнер түрлері арқылы оқушылардың эмоционалды интеллектісін дамыту» тақырыбындағы оқу семинары

 «Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасының аясында 27-28 желтоқсан күндері Атырау қаласында облыстың 50 жалпы білім беретін «Көркем еңбек», «Музыка» және «Өзін-өзі тану» пәндерінің мұғалімдеріне «Өнер түрлері арқылы оқушылардың эмоционалды интеллектісін дамыту» тақырыбында оқу семинары өтті.

Екі күндік семинар барысында мұғалімдер «Өнер түрлері арқылы оқушыларда эмоционалды интеллектіні дамыту» элективті курсының ерекшеліктері және мазмұнымен танысты. Қатысушылар музыка, бейнелеу өнері, театр және кино өнерінің көркемдік құралдары арқылы оқушыларда эмоционалды интеллектіні дамытудың жолдарын, өзінің және өзгенің эмоцияларын тану, білу, басқару және реттеу, түрлі жағдайларда эмпатияны білдірудің тәсілдерін үйренді, сонымен қатар өзіндік сана сезім, өзін өзі басқара білу, әлеуметтік сезгіштік, қарым-қатынасты реттеу сынды эмоционалды интеллектінің компоненттері де қарастырылды.

Семинардың қатысушылары көркемдік, музыкалық шығармаларды талдап, би, ән, сурет салу, қойылымды сахналау, кино түсіру арқылы эмоцияларды жеткізудің тәсілдерін меңгерді. Мұғалімдер сонымен қатар, У.Шекспирдің «Ромео және Джуальетта» спектаклінен үзінді қойып, бір минуттық қысқаметражды фильм түсіріп, оны тамашалады.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!