Еліміздiң жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған қашықтан оқыту бейнесабақтарын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

 Педагогтар, операторлар, техникалық редакторлар және тағы басқа мамандардың бірлескен үлкен командасымен оқушыларды қашықтан оқытуға арналған бейне-сабақтарды жобалауда ауқымды жұмыс жалғасын тауып келеді.

Аталған жобада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының мамандары белсенді түрде ат салысуда.

Унгарбаева Айымгул Есенжановна 16 сәуір күні Республикалық «Балапан» каналынан  «Қазақстан тарихы» пәнінен қазақ тілді 7-8 сынып оқушыларына арналған алғашқы онлайн сабағын өткізді.

Айымгул Унгарбаева – орта білімнің мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерінің оқу бағдарламаларының құрастырушыларының бірі. 13 жылдық еңбек өтілі бар тарих мұғалімі, оқулық авторы, сонымен қатар, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «Жүйелі-әдістемелік кешеннің» пәндік эксперті және модераторы.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!