Жадрина Гүлнар Жұмабайқызы

Редакциялық бөлім бастығы

Өмірбаяны

Еңбек жолын 1984 жылы Алматы облысындағы орта мектепте химия және биология пәнінің мұғалімі болып бастады. 1993-1996 жж. – кіші ғылыми қызметкер – Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институтының химия және биологияны оқыту зертханасының қызметкері. 1996-1999 жж. – Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институтының күндізгі бөлімінің аспирантурасында білім алды. 1999-2001 жж. – Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының кәсіби білім беру институтының ғылыми қызметкері. 2001-2005 жж. – «Мектеп» баспасы» ЖАҚ жанындағы «Оқулық авторлары мектебі» ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері, «Таймас» Баспа үйі» ЖШС ғылыми-әдістемелік бөлім бастығы қызметінде 6 жыл еңбек етті. 2014-2016 жж. – «Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ-нің контентті әзірлеу бөлімінің бастығы

«Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Гүлнар Жұмабайқызының басшылығымен Кіріктірілген білім беру бағдарламасына (NIS-Programme) сәйкес әзірленген бастауыш және орта мектептерге арналған оқу-әдістемелік кешендер әзірленді және жарық көрді. Тілдік ортаға ену бойынша жазылған 1-сыныпқа арналған «Менің Ортам» және 2-сыныпқа арналған «Қоршаған орта» оқулықтары мен жұмыс дәптерлерінің, химия пәнінен тест тапсырмаларының, бірқатар оқу-әдістемелік құралдардың, химия пәнінен есептер жинағының және журналдар мен конференция материалдарында жарық көрген 10-нан астам мақалалардың авторы.

Қатысқан жобалар тізімі:

▪ Химия пәні бойынша мектеп бітірушілерге арналған тест тапсырмаларын әзірлеу жобасы (Республикалық тест орталығы, 1998 ж.).

▪ Тілдік ортаға ену жобасы («Innove» орталығы, Эстония, 2012-2014 жж.).

▪ Бастауыш мектеп пәндері бойынша Оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу жобалары (Кембридж Университеті Баспасы, БББО, 2014-2018 жж.).

▪ Негізгі мектеп пәндері бойынша Оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу жобасы (Лондонның Білім беру институты, БББО, 2015-2017).

 

Білімі

1984 ж. – Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ педагогикалық институты (Алматы)

Химия және биология пәнінің мұғалімі 1999 ж. – Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институтының аспирантурасы (Алматы)

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Бөлім туралы ақпарат

Редакциялық бөлім

Редакциялық бөлім қазақ және орыс тілдеріндегі оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК), түрлі оқу және әдістемелік басылым материалдарын редакциялау, түзету және баспаға әзірлеу жұмыстарын жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлері ДББҰ-ның жылдық есептерін, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу шеңберіндегі есептерді және Орталық тарапынан әзірленетін басқа да материалдарды редакциялау және түзету жұмыстарымен айналысады.