Зухра Шегенова

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату бағыты бойынша Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары қызметін атқарады

Зухра Шегенова «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату бағыты бойынша Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары қызметін атқарады.

2004 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Тарих бакалавры» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды, ал 2011 жылы Гуманитарлық ғылымдар магистрі болды. Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша phd докторанты.

Өзінің оқытушылық қызметін Павлодар қаласының Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық гимназия-интернатынан бастады. Кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болды.

2012 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының аға менеджері болып жұмысқа кірісті. Осы ұйымда қызмет ету барысында ҚР Білім беру мазмұнын жаңарту аясында тарихи пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.

Сондай-ақ ЭЫДҰ жұмыс тобында еліміздің жаңартылған оқу бағдарламаларын халықаралық оқыту стандарттарымен салыстырмалы талдауға, «Білім беру 2030» жобасы шеңберінде концептуалдық оқыту контексінде зерттеу жүргізуге қатысты.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Тарих бакалавры» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды