Шакеева Динара Жумабековна

Аударма ісі бөлімінің бастығы.

Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласында шетелде оқыту жөніндегі білім беру орталығында ағылшын тілінің оқытушысы болып бастаған. 2014 жылы «Білім беру ресурстық орталығы» ЖМ аударма-редакциялық бөліміне аға менеджер ретінде жұмысқа қабылданды. «Білім беру бағдарламалары орталығында» 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейді.

Ганстингс қаласында ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті, Ұлыбритания, 2007 (Advanced English), Сент-Джулианс қаласында, Мальта, 2011 (EC English), сондай-ақ халықаралық синхронды аудармашылар қауымдастығының (AIIC) мүшесі Андрей Фалалеевтің жетекшілігімен жүргізілген ілеспе аударманың тәжірибелік курсынан өтті (2018).

 

Бөлім туралы ақпарат

Аударма жұмысы бөлімінің қызметі орталық әзірлеген материалдарының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне ауызша және жазбаша аудармаларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлім қызметкерлері орталық және ДББҰ деңгейінде семинарларда, конференцияларда және басқа да іс-шараларда ауызша бірізді аударма жасайды.  

Бөлім ДББҰ-ның жылдық есептерін, халықаралық зерттеулер нәтижелерін және ДББҰ стратегиялық серіктестерінің қатысуымен өткен кеңестердің материалдарын аударуға жәрдемдеседі.

Білімі

2007 – бакалавр, ағылшын және неміс тілі мұғалімі, Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институт

2014 – аударма ісінің магистрі, Дарем университеті, Ұлыбритания