Самат Өмірзақұлы Кәлменов

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату бағыты бойынша Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары қызметін атқарады

Самат Өмірзақұлы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2016 жылдың 28 наурызынан бастап жұмыс істейді.

Еңбек жолын 2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Филология факультеті Ағылшын тілбілімі кафедрасында ағылшын тілі оқытушысы болып бастады.

2004-2005 жылдары USAID қаржыландырған «Береке» жобасының үйлестірушісі.

2005 жылы Шымкент қаласындағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.

2006-2007 жылдары «Береке» жобасының үйлестірушісі болды.

2008-2010 жылдары бизнес ортаны жақсарту жөніндегі USAID қаржыландырған жобасының үйлестірушісі болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары «ЖСС» ЖШС-нің әкімшілік директоры қызметін атқарды.

2012 жылы Астанадағы Нұрорда мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.

2013-2015 жылдар аралығында «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында магистратура бағдарламасы бойынша білімін шыңдады.

2016-2020жж. аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімінің аға менеджері.

Білімі:

2001 – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, ағылшын тілі мұғалімі 

2015 – магистр, Жоғары білім беру саласындағы менеджмент пен саясат, Калифорния Университеті, АҚШ.

Бөлім туралы ақпарат:

Талдау, зерттеу және жобаларды басқару бөлімі «Білім беру бағдарламалары орталығының» құрамында 2014 жылы құрылды.

Бөлімнің негізгі міндеттері: жобаларды жүзеге асыру, жобаның тұжырымдамасын әзірлеу, іргелі ғылыми зерттеулерді дамыту, мониторингтік зерттеулердің әдістері мен процедураларын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ жобалар аясындағы деректерді талдау және ғылыми-теоретикалық жалпылау.