Есенбаева Қарлығаш Шайдоллақызы
Аударма жұмысы бөлімінің бастығы
2011-2012 жылдары Болон процесі департаментінде модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және халықаралық аккредиттеуді үйлестіруге қатысты.
2012-2013 жылдары Даму және академиялық саясат департаментінде университет стратегиясының іске асырылуына мониторинг жүргізіп халықаралық рейтингтерге қатысу үшін деректерді дайындады.
2014 жылы Халықаралық ынтымақтастық департаментінде алмасу бағдарламаларына, халықаралық гранттық жобаларға және серіктес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа жетекшілік етті.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында жұмыс істеді, онда талдамалық зерттеулер жүргізіп есептер дайындады, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына мониторинг жүргізіп, «Қазақстанның жоғары мектебі» ақпараттық-талдау журналын шығарды, тренингтер мен семинарларды ұйымдастыруға қатысты.
2014 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығында өзінің кәсіби қызметін жалғастырды, аға менеджер, жоба менеджері, сарапшы, және 2024 жылдан бастап бөлім бастығы лауазымдарын атқарды.
Біліктілікті арттыру
«Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін әзірлеу» семинары, Астана қ., 2024ж.
«Қарекетшіл көшбасшылар дәуірі: тиімді өзгерістерге апарар жол», Астана қ., 2024ж.
«ЛингваКонтакт» аударма мектебіндегі «Ілеспе аудармаға кіріспе» курсы, Санкт-Петербург қ., 2022ж.
«Аудармашы мен редактор бірдей емес» шеберлік сабағы, Қазақстан аударма академиясы, Астана қ., 2022ж.
«ЕО стандарттары бойынша ізбе-із аударма» курсы, Қазақстан аударма академиясы, Астана қ., 2020ж.
«Сөйлеу техникасы» курсы, Санкт-Петербург телевизия мектебі, Астана қ., 2020ж.
Стратегия, менеджмент және дизайн мәселелері бойынша БББО қызметкерлеріне арналған семинар, Кембридж университетінің баспасы, Астана қ., 2018ж.
«Жобаларды басқару: әдістер мен технологиялар (жетілдірілген курс)» семинары, 24 сағат. Moscow Business School, Астана қ., 2016ж.
«Advanced project management» семинары, Cambridge International Examinations, Астана қ., сәуір 2016ж.
«Ауызша аударма шеберлігі» бағдарламасы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы. ЧОУ ДПО «ЦНТИ «ПРОГРЕСС», Санкт-Петербург қ., 2016ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының қызметкерлеріне арналған 34 сағат көлемінде «Тиімді оқытудың негізгі идеялары» семинары. «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ, Астана қ., 2016ж.
Teacher training seminars “Introduction to IELTS and how to teach effectively towards it”, Astana, 2015ж.
«Ілеспе аударманы оқытудың жаңа стандарттары: аудармашылардың жаңа буынын дайындау жолдары» ауызша аударманы оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсы. Ресей аудармашылар одағы. Астрахань қ., 2014ж.
«Ағылшын-орыс-қазақ тілдері қазіргі «тіл индустриясында» ғылыми-практикалық семинар, 45 сағат. РУДН полилингвизм және аударма ғылыми-білім беру орталығы, 2013ж.
«Жоғары оқу орындарының стратегиялары: жаһандық-жергілікті көзқарас» халықаралық семинары. Rixos Lake Borovoe, 2013ж.
«Институционалды аккредитация шеңберінде жоғары оқу орнының өзін-өзі бағалау дайындық есебі» семинары. Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, Астана қ., 2013ж.
Қазақстандағы Tempus бағдарламасы кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «Болон үдерісінің негізгі өлшемдерін Қазақстандағы жоғары оқу орындарына бейімдеу» жазғы мектеп, Алматы қ., 2012ж.
«Қазақстандық білім беру білім беру бағдарламаларын аккредиттеу арқылы сапаны қамтамасыз етудің еуропалық стандарттарына жету жолында» халықаралық ғылыми-практикалық семинар. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ., 2011ж.
2005-2009 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын/неміс) мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі (үздік диплом)
2012-2014 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі
2013-2014 Кордова университеті (Испания), ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде магистратурада оқыды
2021-2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Аударма ісі мамандығы бойынша докторантура