Байтенова Қаламқас Қыдырбекқызы

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің бастығы, «Халық алғысы» медалінің және «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Өмірбаян

Қаламқас Қыдырбекқызы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі Т2», «Ғылымға кіріспе», «Дүниетану» пәндерінің оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының, МЖМББС-ның бастауыш білім беру деңгейіне арналған «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі Т2», «Математика», «Дүниетану» пәндерінің оқу бағдарламаларының; эксперименттік білім беру бағдарламасының, «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасының, «Сауат ашу» және «Қазақ тілі» пәндері бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен оқыту әдістемесінің, Батыс Қазақстан облысы «Ж. Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледж» МКҚК-да білім беру мазмұнын жаңғырту және білім беру үдерісін ұйымдастыру» жобасы щеңберінде «Қарым-қатынас жасау этикасы және сөйлеуді дамыту» әзірлеушісі болып табылады.

«Дүниетану», «Әліппе», «Ана тілі»; оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептер үшін «Қазақ тілі» пәндері бойынша 1, 2, 4-сыныптарға арналған оқу- әдістемелік кешендердің авторы және «Қазақ тілі» пәні бойынша 2 және 3-сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кешендерінің әдіскері болып табылады.

Нидерландының Оқу бағдарламаларын әзірлеу институтының (Wout Ottevanger, Jan Berkvens) қатысуымен білім беру және оқу бағдарламаларын әзірлеу (2016), Оқу бағдарламаларын әзірлеу (Тим Оутс, «Cambridge assessment» бағалауды зерттеу және дамыту тобының жетекшісі), «Білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық моделіне көшу» (Малкольм Николсон) бойынша семинарлардың қатысушысы.

«Textbook Quality Assurance Workshop» курсының (Сингапур, 2015), Қазақстан, Ресей, Финляндия, Эстония, Ұлыбритания, Сингапур, Аустралия, Нидерланд, Канада және Американың жетекші сарапшыларының оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдар кешендерін әзірлеу және мониторингтік зерттеулер жүргізу, сараптама жасау бойынша семинарлар мен тренингтерінің қатысушысы болып табылады.

Жалпы білім беретін және Зияткерлік мектептерге арналған «Қазақ тілінің лексикалық-грамматикалық минимумы» еңбегінің, «Педагогикалық білім базасы» порталының (ЭЕМ бағдарламасы), 1-сыныпқа арналған ҚазLingva авторы. Тілдік ортаға ену бағдарламасының әдіскері, тренері және қазақ тілді ортаға ену жобасын тарату мәселелерімен айналысады. Мектепке дейінгі пилоттық ұйымдардың жетекшілеріне, әдіскерлеріне және педагогтеріне семинар-тренингтер өткізеді.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық білім беру бағдарламасына сәйкес «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі Т2», «Әдебиеттік оқу», «Обучение грамоте», «Русский язык», «Русский язык Я2», «Литературное чтение», «Математика», «Естествознание», «Познание мира» пәндері бойынша; «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның оқу бағдарламасы – NIS-Programme» бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламаларын, орта мерзімді жоспарлары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу, тексеру және қайта қараумен және Қазақ тілді ортаға ену жобасымен, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тілдік ортаға ену негізінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасымен, «Шаңырақ» мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту бағдарламасымен айналысады.

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі мен Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде білім беру үдерісін және қазіргі білім беру технологияларын ұйымдастыру әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді. «Жүйелік-әдістемелік кешен» материалдарының модерациясын жүзеге асырады және әдістемелік ұсыныстар мен оқу құралдарын әзірлеу арқылы бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетеді, орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша семинар-тренингтер өткізеді.

Білімі:

1995 ж. – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент қаласындағы бөлімі. «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы. Бастауыш сынып мұғалімі.

2018 ж. – Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, «Педагогикалық инновация» бағыты. Педагогикалық білім магистрі.