Алжанова Ғалия Жанзаққызы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату бағыты бойынша Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары қызметін атқарады

Ғалия Жанзаққызы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне арналған «Химия» пәні бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын, жаңартылған мазмұндағы жалпы орта білім берудің «Жаратылыстану», «Химия» пәндері бойынша оқу бағдарламаларын, «Химия», «География» пәндері бойынша Ж. Досмұхамедов атындағы «Жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК-ға арналған оқу бағдарламаларының әзірлеушісі болып табылады. КХЕК-ның (Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесі) әзірлеуші сертификатына ие.

«Жаратылыстану» пәні бойынша 5-сыныптарға, жалпы білім беретін мектептер үшін «Химия» пәні бойынша 7-сыныптарға, Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін «Химия» пәні бойынша 7-10 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кешендерінің әдіскері.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерін тест әзірлеу негіздеріне оқыту құқығымен Cito International-дың «Train-the Trainer in Item and Test development» тренингіне қатысты. «Textbook Quality Assurance Workshop» (Сингапур, 2015) курстарынан өтті, оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және мониторингтік зерттеулер, сараптама жүргізу бойынша Қазақстан, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Сингапур, Австралия, Нидерланды, Канада жетекші сарапшыларының семинарларына, тренингтеріне қатысты.

Бірқатар әдістемелік құралдардың, нұсқаулықтардың, химия бойынша тапсырмалар жинағының және 10-нан астам жарияланымның құрастырушы-авторы.

2018 жылғы 12 қазан – 2019 жылғы 15 қаңтар аралығында Еуропалық Одақтың «Түркіменстандағы білім беру жүйесіне жәрдемдесу» жобасы шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен мұғалімдеріне, Түркіменстан ұлттық білім институтының қызметкерлеріне арналған «Орта білім беруді дамытудың заманауи үрдістері. Функционалдық сауаттылықты дамыту» курсының бағдарламасын әзірлеушісі мен сарапшысы ретінде жұмыс істеді.

Білімі:

2001  – Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Химия және биология пәнінің мұғалімі

2003  – Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Химия магистрі.

Бөлім туралы ақпарат:

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бөлімі «Математика», «Информатика», «Жаратылыстану», «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері бойынша оқу бағдарламаларын, орта мерзімді жоспарлар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді, қайта қарауды және өзектендіруді үйлестірумен айналысады. Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі мен Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде білім беру үдерісін ұйымдастыру әдістері мен білім берудің заманауи технологияларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламаларын енгізу кезінде әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады, оқу бағдарламалары мен инновациялық технологияларды іске асыру бойынша оқыту семинар-тренингтерін өткізеді.