Акижанова Жанар Женисовна

Директордың Назарбаев Зияткерлік мектептерінде NIS-Programme білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі орынбасары

Биография

БББО‑да 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап, ал НЗМ жүйесінде 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Астана қ.ФМБ НЗМ ағылшын тілі мұғалімі, Астана қ. НЗМ (IB) директорының орынбасары; БББО-да «Ағылшын тілі» пәнін үйлестіру жөніндегі аға менеджер және талдау, зерттеулер және жобаларды басқару бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Назарбаев Зияткерлік мектептеріне арналған «Ағылшын тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасын әзірлеушілердің бірі болып табылады.

Бұрын Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ағылшын тілінің оқытушысы ретінде, Қарағанды қаласының дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеген.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 10 жылдығына орай медальмен, Қарағанды қаласы білім департаментінің, Астана қаласы Есіл әкімдігінің, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның, ҚР Білім және ғылым министрінің «Білім беруге қосқан үлесі үшін» алғыс хаттарымен және мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

Кәсіби дамуы

2013, 2029, 2020 – тиімді коучинг, көшбасшылық және басқару бойынша тренингтер, Мәскеу бизнес мектебі

2019 – эмоционалды зиятты дамыту бойынша онлайн курс, В. Шиманская

2018 – Фил Ламберттің (ЭЫДҰ) қатысуымен өткен «Policy to Practice» тренингі

2014 – NVivo көмегімен сапалы деректерді өңдеу бойынша тренинг

2013-2015 – куррикулумды әзірлеу және қайта қарау бойынша тренингтер, Кембридж (Ұлыбритания)

2012-2015 – Action research тренингтері, Кембридж (Ұлыбритания)

2011 – «Білім беруде АКТ пайдалану» семинары, Темасек, Сингапур

2011 – Тулуза қаласында (Франция) Халықаралық бакалавриатты енгізудің халықаралық тәжірибесін зерттеу

2011 – IBSCA тренингі, Оксфорд (Ұлыбритания)

2011 – Швецияда көптілді білім беруді зерттеу

2010 – «English Language Professional Development Course» курсы, UCL (Ұлыбритания)

Білімі

1998 – бакалавр дәрежесі, ағылшын және француз тілдерінің оқытушысы, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

2017 – магистр дәрежесі, білім беру саласындағы басқару, Назарбаев Университеті