Әбуов Жаңабай Серікбайұлы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату бағыты бойынша Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары қызметін атқарады

2004 ж. – ОҚО, Кентау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 лицей-интернатында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2008-2011 жж. – ОҚО, Кентау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 лицей-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

2011 ж. – «Астана-Достық» білім беру орталығы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Астана қ.

2012 ж. – «НЗМ» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімінің аға менеджері.

2014 ж. – «НЗМ» ДББҰ, ББСД аға менеджері.

2015 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары.

2016 ж. бастап «НЗМ» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімінің бастығы

 

Лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімі «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс» пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеумен, енгізумен және зерттеп-бақылаумен айналысады. НЗМ мен Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің білім беру үдерісіне оқу бағдарламаларын енгізуде әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.

Бөлім тұрақты негізде тіл пәндері мұғалімдеріне тілдерді оқытудың түрлі өзекті мәселелері бойынша оқыту тренингтерін өткізеді.

Білімі:

2004 – Яссауи атындағы ХҚТУ, «қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы

Кәсіби даму

Республикалық және халықаралық деңгейдегі семинарларға, тренингтерге қатысты: «Школа тренера. Учись учить (модуль 2)», «Trainer’s program, QMS international», «Textbook Quality Assurance Workshop, FIF Technologies LLP», «Curriculum Development Course, SLO, Institute for curriculum development», «Управление проектами: методы и технологии» (тереңдетілген курс), «Secondary Education Textbook Grade 5 Authoring Workshop for Kazakh Language and Literature held by Cambridge University Press in Astana», «Training on Developing Research skills».