Ресей Федерациясы Ханты-Мансийск автономиялық округінің педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында шеберлік сабағы

Ағымдағы жылдың 26 ​​тамызында Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкері (бұдан әрі – Орталық) Ханты-Мансийск автономиялық округінің педагог қызметкерлерінің 2021 жылғы тамыз кеңесі аясында педгогтер мен білім беру қызметкерлеріне арнап шеберлік сабағын өткізді.  

«Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL)» тақырыбында өткен шеберлік сабағын Самат Кальменов жүргізді. Шеберлік сабағы онлайн форматта ZOOM платформасы мен YouTube желісінде жүргізілді.

Шеберлік сабағында Самат Кальменов қатысушыларға инновациялық CLIL тәсілдемесін пайдалану және Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі үш тілде білім беру тәжірибесі туралы айтты.

Сонымен қатар қатысушылар CLIL аясында оқушылардың білімін жандандырудың негізгі әдістерімен танысып, өз тәжірибе қорын білімді жандандырудың бірнеше жаңа стратегиясымен толықтыра алды.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!