«Ауылдық тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы аясында оқушылардың пәндік дағдыларын дамытуға бағытталған оқу мақсаттарына қол жеткізу әдістері мен тәсілдері бойынша семинарлар
«Ауылдық мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы аясында қазанның 10-ы мен қарашаның 1-і аралығында Білім беру бағдарламалары орталығының мамандары Қазақстанның 16 өңірінің мұғалімдеріне арналған аймақтық семинарлар сериясын өткізеді.
Семинарлар Алматы, Астана, Түркістан, Атырау, Семей және Көкшетаудағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде, сондай-ақ Атыраудағы жетекші білім беру мекемелерінде – Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі, «Парасат» Атырау инновациялық колледжі және Түркістан қаласындағы №7 IT мектеп-лицейінде өтеді.
Бұл шаралар 400-ден астам мұғалімді біріктіріп, оқушылардың пәндік дағдыларын жақсартуға бағытталған әдістер мен тәсілдерге арналған. Қатысушылар математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру және бастауыш білім беру пәндері бойынша білімдерін жетілдіреді.
2020 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері бастамасымен қолға алынған бұл жоба ауыл мектептерінде білім сапасын арттыруға және өңірлердің білім беру әлеуетін нығайтуға айтарлықтай үлес қосып келеді.