Еліміздің орта білім беру мазмұнын жетілдіру аясында пән мамандары мен әдіскерлерді оқыту

2022 жылдың 10 маусымы күні Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жетілдіру аясында ҚР МЖМБС стандартын қайта қарау жобалық топтарының мүшелері болып табылатын пән мамандары мен әдіскерлерді оқыту аяқталды.

Білім беру мазмұнын циклмен жаңғырту бүкіл әлемде қолданылатыны мәлім. Дамыған елдерде бағдарламаларды қайта қарау кезеңділігі – жалпы алғанда 5 жылдан 10 жылға дейін. Сондықтан да Қазақстанда ағымдағы жылы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА орта білім беру бағдарламаларын қайта қараумен айналысатын жұмыс топтарын ұйымдастырды.

2022 жылдың 7 және 10 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен семинарға 300-ден астам адам қатысты. Оқытуды орта білім беру мазмұнын әзірлеу саласындағы халықаралық маман, ЭЫДҰ сарапшысы – доктор Фил Ламберт (Сидней қ., Аустралия), сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының сарапшылары өткізді.

Оқыту аясында білім беру бағдарламаларын жобалау құрылымы, қағидаттары, мақсаттары, міндеттері және оқу мақсаттарын құрастыру маңыздылығы қарастырылды, сондай-ақ шет елдердің білім беру бағдарламаларына салыстырмалы талдау жүргізілді.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!