Жамбыл және Қызылорда облыстары ауыл мектептерінің мұғалімдеріне арналған вебинарлар

16-17 қыркүйек аралығында Білім беру бағдарламалары орталығының пәндік үйлестірушілері «Ауыл мектебі» жобасы аясында Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы Н. Ақшабаев, Б. Беспаев, Құттықожа, Ж. Махамбетов, Т. Айтбаев және Н. Ілиясов атындағы ауылдық орта мектеп мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламаларын жүзеге асыру ерекшеліктері туралы вебинарлар өткізді.

Вебинарлар шеңберінде мұғалімдердің назары оқушылардың бойында жобалық қызметтің зерттеу, коммуникативтік және мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру және дамыту әдістеріне, тілдік құзыреттілікті дамытуға әсер ететін интерактивті әдістерді тиімді қолдану жолдарына аударылды. Қатысушылардың кері байланыстарына сәйкес вебинарлар пайдалы әрі қызықты өтті.

Мұғалімдерге арналған оқыту вебинарларының екінші кезеңі «Жаратылыстану», «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерінен зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған проблемаға негізделген оқуға, CLIL аспектілері мен коммуникациялық дағдыларды дамытуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналады.

       

     

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!