Назарбаев Зияткерлік  мектептерінің мұғалімдеріне арналған ресурстар қоры

 

2020-2021 оқу жылында Білім беру бағдарламалары орталығы Зияткерлік мектептердің мұғалімдеріне NIS-Programme білім беру бағдарламасын қашықтан оқыту форматында жүзеге асыруға кешенді қолдау көрсетіп келеді (әдістемелік, ресурстық және консультациялық).

Білім беру бағдарламалары орталығының бастамасымен TEAMS платформасында арнайы 16 пәндік топ құрылды, әр топқа үйлестіруші ретінде жауапты пән маманы тағайындалды.

Әрбір топта Зияткерлік мектептер желісінің мұғалімдері әзірлеген барлық пәндер мен сыныптарға арналған оқыту тілдеріндегі ресурстардың бірыңғай қоры құрылды.

Мұғалімдер апта сайын аптаның көшбасшы мектептерінің үлгілі оқыту материалдарына қол жеткізе алады. Оларды өз оқушыларына бейімдей отырып, сабақ дайындау барысында қолдана алады.

Оқу материалдарының минималды топтамасына сабақ жоспары, таныстырылым, аудио/бейнематериалдар, дағдыларды бекітуге және пысықтауға бағытталған тапсырмалар кіреді.

Бірыңғай ресурстар қоры Зияткерлік мектептер желісінің мұғалімдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және сабақ сапасындағы алшақтықты азайтуға септігін тигізеді.

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған ресурстар қоры

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!