Еліміздің мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды әзірлеу жұмысы

Мәжбүрлі түрде қашықтан оқытуға көшуге байланысты, 2020 жылдың 19 наурызынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» (ары қарай – Орталық) филиалының мамандары бейне-сабақтарды әзірлеуге және түсіруге қатысуда. Бұл сабақтар «Ел Арна» және «Балапан» республикалық телеарналары арқылы таратылады.

Төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушыларын қашықтан оқыту формасына көшу орта білім жүйесі үшін күрделі тапсырма болып табылады. Бұл тапсырманы орындауда Орталық шетте қалмай, сабақтарды әзірлеуге, редакциялауға, сондай-ақ, оларды түсіру жұмысына белсенді қатысып отыр. 

Орталық қызметкерлерінің бағдарламаларды, сабақтарды және сандық білім беру ресурстарын әзірлеуде тәжірибесі мол. Осындай тәжірибе мектеп оқушыларына үздіксіз білім беруге бағытталған ауқымды жобаның түсірілімін сәтті іске асыруға ықпал еткенін атап өту қажет. Бейне-сабақтардың түсірілімін BilimMediaGroup компаниясы ұйымдастырды.

Бүгінгі күні Орталықтың 9 қызметкері сабақтарды әзірлеу және түсіру жұмыстарына қатысуда. Олар: Қаламқас Байтенова, Ақсұлу Құлмағамбетова, Наталья Орехова, Перизат Бигазина, Айғаным Сатылова,  Нұрлыгұл Дәулеткереева, Бибігүл Қалиева, Айымгүл Оңғарбаева, және Нұрбақыт Акульбекова.

Қаламқас Байтенованың қатысуымен қазақ тілінде 1-сыныпқа арналған «Математика» пәні бойынша 6 сабақ және «Дүниетану» пәні бойынша 2 сабақ өткізілді. Оған қоса тағы 20 сабақ түсірілімі жоспарланып отыр, атап айтқанда «Математика» пәні бойынша 15 сабақ, «Дүниетану» пәні бойынша 5 сабақ.

Перизат Бигазина  «Жаратылыстану» пәні бойынша 1-4 сыныптар үшін қазақ тілінде 8 бейнесабақтың түсіріліміне қатысты. Тағы 20 сабақ түсіру жоспарлануда.

Наталья Орехованың қатысуымен орыс тілінде 1-4 сынып оқушылары үшін «Математика» пәні бойынша 4 сабақ, «Жаратылыстану» пәні бойынша 10 сабақ түсірілді. «Математика» пәні бойынша тағы 15 сабақ, ал «Жаратылыстану» пәні бойынша 20 сабақ әлі түсірілетін болады.

Ақсұлу Құлмағамбетова 3, 8, 9-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» Т2 пәні бойынша бейне түсіріліміне қатысуда. Оның қатысуымен 5 сабақ түсірілді, тағы 15 сабақ жоспарланған.

Айғаным Сатылова «Қазақ тілі» Т1 пәні бойынша 5-сынып оқушыларына арналған 12 бейнесабақ түсіріліміне қатысуда.

Бибігүл Қалиева 7, 8-сынып оқушылары үшін «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша орыс тілінде бейнесабақтарды түсіруге қатысуда. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша 7-сынып оқушылары үшін 3 сабақ және «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 8-сынып оқушылары үшін 2 сабақ түсіріліп болған, ал «Дүниежүзі тарихы» және «Қазақстан тарихы» пәндерінің әрқайсысы бойынша тағы 7 сабақтан түсіру жоспарлануда.

Айымгүл Оңғарбаева 7, 8-сынып оқушылары үшін «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қазақ тілінде бейнесабақтарды түсіруге қатысуда. 2 сабақ түсірілген, тағы 14 сабақты түсіру жоспарланған.

Нұрбақыт Акульбекова 8-сынып оқушыларына арналған «Орыс тілі мен әдебиеті» Т2 пәні бойынша 3 бейнесабақты әзірлеуге қатысты.

Нұрлыгүл Дәулеткереева «Қазақ тілі» Т1 пәні бойынша 9-сыныптарға арналған 4 сабақты әзірлеуге қатысты. Сонымен қатар 7-сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» Т1 пәні бойынша 2 сабақты әзірлеу барысында әдістемелік көмек көрсетті.

«Математика», «Жаратылыстану», «Дүниетану», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша 1-9 сыныптар үшін екі тілде 42 бейнесабақ түсірілді. Жақын арада жоғарыда айтылған пәндер бойынша 1-9 сыныптар үшін 125 бейне сабақ түсіру жоспарланып отыр.

Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің 40 бейнесабағына сараптама жүргізді. Бейнесабақтарды жақсартуға қатысты әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Сондай-ақ, Орталық елде орын алған төтенше жағдай және карантин уақытына STORE.NIS.EDU.KZ платформасындағы сандық білім беру ресурстарын тегін пайдалану мүмкіндігін берді.

Құрметті оқырмандар, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар! Онлайн оқыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әрі оң көңіл-күйді сақтай отырып, біз балаларға уақытты пайдалы өткізуге көмектесеміз, олардың білімін дамытамыз да арттырамыз!

Біз біргеміз! Bizbirgemiz!

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!