Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің 9 бейнеролигі ЭЫДҰ сайтында жарияланды
ЭЫДҰ, ЮНЕСКО және «Білім беру мұғалімдері – 2030» Халықаралық мақсатты тобы бірігіп, бүкіл әлем бойынша COVID-19 пандемиясы кезіндегі мұғалімдердің білім беру тәжірибесін зерттеу мақсатында Global Teaching InSights бастамасын іске қосты. Бұл бастаманың басты мақсаттарының бірі – жаһандық диалогты дамыту.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім беру бағдарламалары орталығы бұл бастаманы қолдап ЭЫДҰ хатшылығына жіберуге 9 бейнеролик ұсынды. Нәтижесінде Қазақстаннан ұсынылған бейнероликтердің барлығы іріктеуден өтіп, ЭЫДҰ-ның ресми сайтында жарияланды.
Бейнероликтердің авторлары: Ақзат Кауысова (Ақтобе қ. ФМБ НЗМ), Айбарша Аманиязова (Атырау қ. ХББ НЗМ), Нұрболат Мұхамеджан (Қарағанды қ. ХББ НЗМ), Алтынгүл Хасенова (Қарағанды қ. ХББ НЗМ), Айгерім Мусина (Нұр-Сұлтан қ. ФМБ НЗМ), Әлия Андақаева (Семей қ. ФМБ НЗМ), Нұргүл Жаңабаева (Тараз қ. ФМБ НЗМ), Алтынай Асылбекова (Шымкент қ. ФМБ НЗМ), Патрик Мутеивана (Ақтау қ. ХББ НЗМ).
Сіз сілтеме бойынша өтіп, әлемнің барлық түкпірінен келген мұғалімдердің бейнероликтерімен танысып, оларға баға беріп, пікір қалдыра аласыз.