ЭЫДҰ-ның халықаралық сарапшысы Фил Ламберттің қатысуымен семинар ұйымдастырылды

2020 жылдың 3-5 наурызы аралығында Білім беру бағдарламалары орталығының (ары қарай – Орталық) қызметкерлері үшін ЭЫДҰ-ның халықаралық сарапшысы Ф. Ламберттің қатысуымен семинар өткізілді.

Үш күндік оқу бағдарламасының мақсаты –  оқушылардың метапәндік дағдыларын дамыту призмасы арқылы қалаулы және қол жеткізілетін куррикулум арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған мониторинг бойынша пән мамандарының дағдыларын жетілдіру.

Семинардың алғашқы күнінде қатысушылар NIS-Programme бағдарламасының жүзеге асырылуына жүргізіліп жатқан ағымдағы мониторингтің негізгі элементтерін талқылады. Пән мамандарының мониторинг бойынша нақты мәселелерді талқылауға, кері байланыс алуға және сарапшыдан ұсыныстар алуға мүмкіндіктері болды.  

Келесі екі күнде шығармашылық ойлау, сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық-коммуникациялық дағдылар, өзара іс-қимыл және мәселелерді шешу сияқты метапәндік дағдыларды дамыту стратегияларына арналды. Қатысушылар өз пәндері бойынша метапәндік дағдылардың элементтері мен субэлементтерін анықтау бойынша стандартты емес тапсырмаларды орындады.

Семинар нәтижесі бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!