«Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі», KERA

Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы (KERA) Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексін әзірлеп, көпшілік назарына ұсынып отыр. Кодекс Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебімен бірлесе отырып әзірленген. 

Кодекс – отандық білім беру саласындағы зерттеушілердің қызметін кәсіптік және әдеп тұрғысынан реттеудің алғашқы қадамы.

Кодексте зерттеу саласындағы әдеп нормаларына қатысты ұғымдарға түсінік беріліп, зерттеушілердің құндылықтары мен ұстанымдарына, әдеп ережелеріне, сонымен қатар зерттеу жүргізетін ұйымдардың жауапкершілігіне қатысты толыққанды ақпарат ұсынылған.

KERA – коммерциялық емес ұйым және еліміздегі білім беру саласындағы зерттеушілердің қауымдастығы.

Әдеп кодексінің қазақ тіліндегі толық нұсқасын мына сілтемеден жүктей аласыз https://gse.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2020/12/Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf.pdf

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!