Шығыс Қазақстан облысының орта мектеп мұғалімдеріне арналған вебинарлар

 

2021 жылғы 31 наурызда Білім беру бағдарламалары орталығының пәндік үйлестірушілері «Ауыл мектебі» жобасы аясында С.Ластаев, Р.Марсеков атындағы мектептер мен Үлкен Нарын мектебі мұғалімдері үшін вебинарлар өткізді.

Вебинарлардың мақсаты – пәндердің жаңартылған оқу бағдарламаларын қолдану барысында педагог мамандарға әдістемелік қолдау көрсету.

Вебинарлар барысында жаратылыстану-ғылыми және математикалық, лингвистикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері қарастырылды.

Мұғалімдердің назары оқушылардың зерттеушілік, коммуникативтік және проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыру және дамыту тәсілдеріне, тілдік құзыреттілікті дамытуға бағытталған интерактивті әдістерді тиімді қолдану жолдарына аударылды.

Тыңдаушылардың кері байланысы мұндай вебинарлардың жаңаша оқыту жағдайында уақытылы әрі тиімді екенін көрсетті.

Вебинарларға барлығы 69 мұғалім қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдеріне арналған вебинарлардың келесі кезеңі сәуір айына жоспарланып отыр.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!