Дарқан Назарбекұлы Сейітмолдинов
Қоғамдық-гуманитарлық және кешенді-эстетикалық бағыттағы пәндер бөлімінің бастығы.
Еңбек жолын 2003 жылы Семей қаласының №20 орта мектептің технология пәні мұғалімі болып бастаған .
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жүйесінде 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді.
2013-2015 жылдары – Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнер мұғалімі.
2015-2020 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қоғамдық-гуманитарлық және кешенді-эстетикалық бағыттағы пәндер бөлімінің аға менеджері.
2020 жылдың наурыз айынан бастап – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қоғамдық-гуманитарлық және кешенді-эстетикалық бағыттағы пәндер бөлімінің бастығы.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 10-жылдығына орай төсбелгімен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және ҚР БжҒМ атынан алғыс грамоталарымен және хаттарымен марапатталған.
Кәсіби дамуы
Қатысу сертификаты, «Жаттықтырушы мектебі. Оқытуды үйрен» және «Коучинг», Moscow Business School, 2015 ж.
Қатысу сертификаты, Textbook Quality Assurance Workshop (a workshop customised specially for CEP-NIS), Singapore, 2015
Қатысу сертификаты, Curriculum design Theory Workshop, Conducted by Cambridge International Examinations, 2016
Қатысу сертификаты, Textbook review support, Conducted by Cambridge International Examinations, 2017
Қатысу сертификаты, «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» IX-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Астана, 2017 ж.
Қатысу сертификаты, NIS Training Program Policy to Practice. Dr.Phil Lambert Director, PLC, 2018
Қатысу сертификаты, «Мектеп әлемін өзгертетің ұстаздар» XI-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Астана, 2019 ж.
Қатысу сертификаты, «Skillfolio профи» бағдарламасы бойынша SOFT SKILLS дамыту, «Скиллфолио» ЖШҚ, Мәскеу, 2019 ж.
Қатысу сертификаты, NIS Training Programme: Monitoring and Meta-Subject Skill. Dr.Phil Lambert Director, PLC, 2020
Білімі
2003 – жоғары, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі, Шәкәрім атандағы СМУ.
2007 – Кәсіптік оқыту магистрі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.
Бөлім туралы ақпарат
Қоғамдық-гуманитарлық және кешенді-эстетикалық бағыттағы пәндер бөлімі «Қазақстан тарихы», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Өнер», «Музыка», «Көркем еңбек», «Графика және жобалау», «Экономика», «Дене шынықтыру» пәндерінің оқу бағдарламаларын, оқу жоспарлары мен оқу-әдістемелік кешендерін (оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтар) әзірлейді, енгізеді, жүзеге асырылуына мониторинг жүргізеді және жүйелі түрде жетілдіреді.
Бөлім қызметкерлері оқу бағдарламаларын, элективті курстар мен оқу-әдістемелік құралдарды оқу үдерісіне енгізуде әдістемелік қолдау көрсетеді.
Назарбаев Зияткерлік мектептері мен жалпы білім беретін мектептері мұғалімдеріне арналған оқыту тренингтері өткізіледі.