Молдашев Серік Амандықұлы
Маркетинг бөлімінің бастығы
Өмірбаяны
Еңбек жолын 2008 жылы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, Заң қызметінің Мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы ретінде бастады. 2008 ж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, Заң қызметінің Келісімшарт бойынша жұмыс тобының маманы. 2009 ж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдігі «Астана қаласы бойынша істерді басқару», бас маман-заңгер.
2010 ж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Адами ресурстарды дамыту департаменті бөлімінің менеджері. 2012 ж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Салынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дирекциясы» ЖМ, ұйымдастыру мәселелері жөніндегі менеджер. 2013 ж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ, аға менеджер-заңгер. 2013 ж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, қызметпен қамтамасыз ету бөлімі бастығы.
2015 ж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ, аға менеджер-заңгер. 2018 ж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «NIS Ақпараттық технологиялар орталығы», аға менеджер-заңгер.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның құрылғанына 10 жыл толу құрметіне арналған төсбелгімен марапатталған.
2019, 2020 жж. – «Басқару дағдылары», «Басқарудағы әсер ету. Тиімді көшбасшылық», «Өзекті маркетинг» Мәскеу бизнес мектебінің тренингтері мен семинарлары.
Білімі
2004-2008 жж. Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Құқықтану» бакалавры
2008-2010 жж. Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Қаржы» бакалавры (сырттай оқу бөлімі)
Маркетинг бөлімі Орталықтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
· Орталықтың жұмыстарын, қызметтерін (бұдан әрі қарай – Өнімдер) сату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
· Орталық өнімдеріне деген сұранысты зерттеу және өндірілетін Өнімдерге қатысты ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді болжамдарды әзірлеу.
· Дайын өнімді жеткізу жөніндегі келісімшарттарды уақытылы дайындау және келісімшарт жасасу.
· Өнімнің жеткізілуін бақылау.
· Тұтынушылармен жасалған мәмілелер бойынша құжаттаманы рәсімдеу.